Иорданияның Амман қаласында ересектер арасында ерлер және әйелдер күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Міне, осы сары құрлық додасында отандасымыз Нұрқожа Қайпанов жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Ол финалда қырғыз балуаны Орозобек Токтомамбетовті өте тартысты белдесуде 2:1 есебімен ұтты. Міне, осы көрсеткіштен-ақ, Азия алтыны Нұрқожа Қайпановқа оңай келмегенін білуге болады.
Ал, тағы бір отандасымыз Жәмила Бақбергенова осымен төртінші рет Азия чемпионы атанды. Ол финалда жапондық қыздан айласын асырды. Былтырғы Әлем чемпионатында Жәмила осы жапондық қарсыласына жол берген еді. Енді сол кеткен есені қайтарып отыр. Жәмила жалпы, 2021, 2022, 2024 жылдары сары құрлық додасының сары алтынына қол жеткізген.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




