
Алайда, прозалық туындылар өте көлемді, ал қазіргі қоғамда жұмысбасты жұртшылық кітап оқуға уақыт таппай, тіпті оған көңіл бөлу де қалып бара жатқаны рас. Осындай себептерден бе екен, кейінгі кездері прозаға көңіл бөлу, қолдау тым азайды. Осы мәселені өңірдегі прозаға қалам тербеп жүргендер көтеріп, Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығынан «Шер» прозашылар клубы құрылды.
Жаңа бастаманың алдағы уақытқа көздеген жоспарлары да, діттеген мақсаттары да бар. Клуб ашу идеясы орталық директоры Жасұлан Әбдіхалықтың өңірдегі проза жанрында қалам тартып жүрген бірқатар қаламгерлермен кездесуінде айтылды.
– Облысымыздағы танымал Елен Әлімжан, Пернебай Дүйсенбин, Баймаханбет Ахмет, Көсемәлі Сәттібайұлы сынды аға буын прозашылардың ізін жалғаған кейінгі толқынның шығармалары бүгінде дұрыс насихатталмай, елеусіз, ескерусіз тасада қалып келеді. Өңіріміздегі прозашылық пен шұғылданатын талантты, жазары бар шығармашылық өкілдері мұндай рухани, әдеби-мәдени маңызы бар дүниелерден қалыс қалып жатқанын көзбен көріп те жүрміз. Сондықтан да аймақтағы саусақпен санарлық прозашылықпен шұғылданатын қаламгерлердің басын қосып, олардың қазіргі шығармашылықтағы жағдайымен танысып, ұсыныстарын тыңдап, алдағы уақытта ортақ бағытта жұмыс жүргізуді, проза жанрын ілгері дамыту үшін өздеріңізбен ақылдасуды мақсат еттік, – деді Жасұлан Лесбекұлы.
Прозашылардың ұсынысы бойынша алдағы уақытта жинақ шығару мәселесі де талқыланып, күн тәртібіне қойылды. Еске сала кетейік, бұған дейін аталған орталық «Менің анам» және «Мөп-мөлдір көздің қарасы...» атты жинақтардың қалың оқырманға жол тартуына мұрындық болды. Енді прозалық көркем туындыларды жарыққа шығарып, қалың оқырманға кеңінен насихаттау да қолға алынбақ.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді