
– Ауа райының қолайлы болуы, фермерлердің агротехникалық шараларды жетік меңгеруі мен мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігінің нәтижесінде жалпы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге өсті. Соңғы 4 жылда 25 мың гектар алқаптан 650 мың тонна өнім жиналса, бұл өнімге фермерлер бір жылдың ішінде қол жеткізіп, рекордтық өнім алынды. Зауыттарға өткізілген өнімге 2024 жылы 9,2 миллиард теңге төленсе, биылғы жылы жергілікті бюджеттен 730 миллион теңге төленді. Қалған 181 мың тонна өнімді субсидиялау үшін Үкіметтің резервінен қосымша 5,9 миллиард теңге бөлініп, төлеу жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы жалпы 659,9 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 33,2 мың гектарға ұлғаяды, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әбдірасыл Серікұлы.
Сондай-ақ, биылғы жылы 400-ден аса өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, жаңарту көрсеткішін 6,5 пайызға жеткізу көзделуде.
Жалғас ӨМІРЗАҚОВ,
Тараз университетінің конвергенттік журналистика мамандығының 4-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Серік Сәлемов – облыстық бокс федерациясының президенті
- 29 наурыз, 2025
«Jibek Joly» туристік пойызы Таразға табан тіреді
- 25 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді