
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ералы Ақылбеков өрт қауіпсіздігі жүйесінің қазіргі жағдайы, тұрғын үй, өндірістік және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында өрттің туындау қауіптерін азайту шаралары, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдарға қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін көрсетілетін негізгі қызметтер туралы соңғы мәліметтерді жариялады. Ерекше назар профилактикалық шараларды дамытуға, халықты өрт қауіпсіздігі негіздеріне оқытуға, нормативтік-құқықтық актілерді жасау мен жаңартуға, жергілікті атқарушы органдармен және бизнестің өзара әрекеттесуін жақсартуға бөлінді.
Республикадағы мемлекеттік өрт бақылауын жүргізу тәртібі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Белгіленген тәртіпті сақтау және анықталған бұзушылықтарды уақтылы жою азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ мүліктің сақталуына ықпал етеді. Ералы Нұрғалиұлының айтуынша, өрттердің және көміртегі тотығымен уланудың алдын алу департаменттің бөлімшелерінде күн сайын, оның ішінде өрт қауіпсіздігі айлығы шеңберінде белсенді түрде жүргізілуде. Мысалы, жыл басынан бері аулаларды аралауды ұйымдастыру арқылы өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстармен 12 586 тұрғын үй қамтылған. Жылыту маусымы кезінде өрт салдарынан адам өлімінің алдын алу үшін 27 689 азаматқа нұсқаулықтар таратылып, жылыту пештерін, электр қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 293 жиын ұйымдастырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың үйлерінде улы газды анықтайтын 3 837 қондырғы орнатылған. Оның ішінде, көміртегі тотығын анықтау қондырғысы – 935 дана, табиғи газды анықтау қондырғысы – 2 882, түтін газын анықтайтын қондырғы – 20 дана.
Жылу беру кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың арқасында өткен жылмен салыстырғанда өрт саны 7 жағдайға азайған. Мәселен, биыл жылу беру маусымында 113 өрт оқиғасы тіркелсе, оның ішінде автокөліктегі өрт 24, қатты отынның көміртегі тотығымен улану жағдайының саны – 4, ал табиғи газбен жылыту кезінде көміртегі тотығымен улану оқиғасы – 2.
Баспасөз конференциясының тағы бір маңызды тақырыбы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік болды. Өндірістік қауіпсіздіктің қазіргі жағдайы, қауіпті заттармен жұмыс істейтін кәсіпорындарда және өндірістік процестерде апаттар мен оқыс оқиғаларды болдырмау шаралары туралы сөз қозғалды. Төтенше жағдайлар министрлігі осындай нысандардың жағдайын бақылау жүйелеріне ерекше назар аударады, сондай-ақ осы салада жұмыс істейтін қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қауіпсіздік стандарттарын жаңарту және жетілдіру, сондай-ақ өндірістік нысандардағы қорғау деңгейін арттыру мақсатында басқа ұйымдармен өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды. Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Талғат Байзақов өз сөзінде департаменттің қадағалауында 325 кәсіпорын бар екенін, оның 136-сы тәуекел дәрежесі жоғары субъектіге, 152-сі тәуекел дәрежесі орташа және 37-сі тәуекел дәрежесі төмен субъектіге жататынын айтты. 2024 жылы департаменттің инспекторлық құрамы 31 бақылау қадағалау субъектісіне профилактикалық бақылау және қадағалау, бір жоспардан тыс тексеру жүргізген. Қадағалау жүргізу кезінде 511 қауіпті өндірістік объект зерттеліп, оның барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері мен нормаларының 405 бұзушылығы анықталған. Ал, жоспардан тыс тексеру кезінде бір нысан зерттеліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері мен нормаларының екі бұзушылығы анықталды.
Талғат Тоқсанәділұлы баяндамасында департамент инспекторлары 64 техникалық куәландыруға, 7 жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссияға, 80 қабылдау сынағына, 1 аварияны тергеу жүргізуге және 21 оқу дабылын өткізуге қатысқанын айтып өтті. Жалпы, 2009-2023 жылдар аралығында барлығы 796 қауіпті өндірістік объектілер мен техникалық құрылғылар ауыстырылған екен.
Баспасөз конференциясында сонымен қатар көктемгі су тасқыны кезеңінің жақындауына байланысты су басу қаупінің алдын алу және оны болдырмау мәселелері талқыланды. Жиын барысында облыстың төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері су тасқынына дайындық туралы мәліметтермен бөлісіп, гидрологиялық жағдайды бақылау, бөгеттер мен қорғаныс құрылыстарын нығайту, сондай-ақ құтқару қызметтерінің жедел әрекет ету дайындығы туралы ақпараттар ұсынды. Қосымша, төтенше жағдай орын алған жағдайда азаматтарды қауіпсіз әрекет ету жолдары туралы хабардар ету шаралары да талқыланды.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді