
Көктемгі жұмыстарға жерді жырту және ылғал сақтау бойынша жұмыстар 85,6 мың гектар жерге жоспарланған. Жергілікті бюджеттен көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 4,5 миллиард теңге бөлінетін болады. Бұл қаражат тұқым шаруашылығын дамытуға, басым дақылдарды қолдауға және тыңайтқыштарды субсидиялауға жұмсалмақ.
Қазіргі таңда «Кең дала» бағдарламасы бойынша 29 шаруашылық 326,0 миллион теңге сомасына өтінім берсе, «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 75 шаруашылық 2,7 миллиард теңге сұраған. 1,6 миллиард теңге сомасына өтінімдер мақұлданды, қалғандары қаралуда.
Көктемгі себуге дайындық та қарқынды түрде жүргізілуде, фермерлер қажетті тұқымдармен қамтамасыз етілген. 20 мың тонна дизель отыны арзан баға – 1 литріне 254 теңгемен бөлінген. Биыл 415 мың гектар алаңға 83,1 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 7 311 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы дайындалған. Биыл 400-ден астам жаңа жүретін ауыл шаруашылығы техникасы сатып алу жоспарланған, техниканың жаңарту деңгейі 6,5%-ды құрайды. Сондай-ақ, су үнемдейтін технологияларды енгізу жұмысы күшейтіледі: бұл көрсеткішті 64,5 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді