
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр.
Осынау жылдар белесінде Қазақстан халқы Асамблеясы бейбітшілік пен келісімді ту етіп, ел бірлігін бекемдей түсті. Жасампаз істердің жаршысына айналды. Биік белестерді бағындырды.
Достық пен ынтымақтың ордасы Жамбыл облысында 87 этнос өкілдері өзара түсіністікте тату-тәтті күн кешіп, өңірді дамытуға сүбелі үлес қосуда. Бұл тұста облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қомақты жұмыс атқаруда. Ақсақалдар мен Аналар кеңесі, ғылыми- сараптамалық топ, түрлі клубтар қоғамдық келісімді нығайтуға, отбасы құндылықтарын сақтауға ықпал етіп келеді.
Өңірді мекендеген барлық этнос өкілдері арасындағы ауызбіршілікке сызат түсірмей, оларды толғандырған түйткілдердің түйінін тарқатуға ықпал ететін «Бейбітшілік пен келісім», «Достық керуені», «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» секілді жобалар өз жемісін беруде.
Өңірлік ҚХА әрқашан жұдырықтай жұмылып, сауапты істерге атсалысып келеді. Өткен жылдың өзінде 294 миллион 170 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті.
Конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық органның 30 жылдық белесі аясында жамбылдықтардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді дәріптейтін шаралар ұйымдастырылуда.
Қадірлі жерлестер!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, елдігімізді қорғаудың басты жолы – берекелі бірлік.
Бірлік, татулық пен тұрақтылық – бәрінен биік!
Бағалай білмегенге бақ қонбайды. Сондықтан ең құнды, ең асыл қазынамыз – береке-бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
Мерейлі мерекеде әрбіріңізге ел игілігі, өңірді өркендету жолындағы адал әрі қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Егемен еліміздің іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы тең болсын!
Мереке құтты болсын!
Облыс әкімі Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Қайыр сұрайтындар азаяр емес... неге?
- Бүгін, 02:04
Қалдықтардың 26 пайызы ғана қайта өңделген
- Бүгін, 01:50
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді