
Енді, міне, «Уақыттан күшті құдірет жоқ. Уақыт зауалына әлемді қалтыратқан жиһангерлер де, патшалар да, перғауындар да төтеп бере алмаған. Күшті болса, ұлы пайғамбар қайда кетті? Ескендір Зұлқарнайын неге өлді?», – деп Шераға шерленіп айтқандай-ақ, уақыт шіркін екпінін ешкім тоқтата алмайтынын дәлелдегендей, орталықтың ашылғанына бес жыл өте шықты.
Иә, бес жыл. Бес жыл ішінде бұл Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығына кімдер келмеді, қандай дүниелер атқарылмады десеңізші?!
Рас, аталған рухани орталық ашылғалы бері көптеген қонақтар әр аймақтан сабылып келгені бәрімізге белгілі.
Әсіресе, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өкілдері облыстық руханияттың босағасын көп аттады. Тіпті, көрші елдердің әдебиеті мен мәдениетінің майталмандары да арнайы келіп, қарымды қаламгер Шерхан Мұртазаның мұраларын, шығармаларын қарап танысқандардың талай куәсі болдық.
Әрдайым аймақтағы қаламгерлердің әдеби кештері, ғалымдардың ғылыми конференциялары және облыс әкімі мен өңірдің зиялы қауымының қатысуымен өтетін келелі кеңестер мен маңызды жиындардың осы орталықта өтетіні өз алдына.
Шераға орталығы өңірдің бес жыл бұрынғы экс- әкімі Асқар Мырзахметовтен бастап, марқұм қоғам және мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевтың, экс-әкім Нұржан Нұржігітовтің және қазіргі облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің назарынан тыс қалған емес.
Ал, облыстың бас руханияты саналатын бұл орталық бес жыл ішінде не істеді? Қандай әдеби- мәдени, рухани дүниелер атқарды? Қандай ісімен халықтың ықыласына бөленді? Міне, осы тұрғыда орталықтың бес жыл бойы атқарған іргелі әрі салмақты істерін көпшілікпен бөлісіп өтуді жөн көрдік.
2020 жылы Жамбыл облысының 80 жылдық мерекесі қарсаңында «Тараз мұралары» атты сериямен шығарыла бастаған көптомдық кітаптардың жалғасы әзірленіп, Жамбыл облысы және көне Тараз тарихына, әдебиетіне қатысты жергілікті өлкетанушылардың жинақтауымен, авторлығымен 50 кітап шығарылды.
Шераға орталығымен Жамбыл облыстық айтыскер ақынд р филиалымен бірлесіп Халықаралық айтыскер ақындардың «Атыңнан айналайын, Әулиеата» атты әдеби-сазды кеші өткізілді.
«Атлах шайқасы – әлемдік өркениеттің ұлы бетбұрысы» атты ғылыми-танымдық сұхбат ұйымдастырылды.
Облысымыздағы жас білімгерлердің қатысуымен «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында кездесулер өткізілді.
Шерхан Мұртазаның туған күніне орай жазушының Тараз қаласында 2009-2013 жылдары тұрған үйіне ескерткіш белгі орнатылып, салтанатты түрде ашылуы ұйымдастырылды.
«Шынның жүзі – Шераға» атты облыстық жыр мүшәйрасы және бейнероликтер байқауы өткізілді.
«Қазақ хандығы – мемлекетіміздің негізгі арқауы» тақырыбында тарихшылардың қатысуымен ғылыми семинар ұйымдастырылды.
Мектеп оқушыларына «Шераға мұралары – рух азығы» тақырыбында экскурсия жүргізілді.
Өзге ұлт өкілдері арасында «Жамбыл жырлары» облыстық байқауы өтті.
2021 жылы жастар арасында «Өлкеңді таны» танымдық байқауын ұйымдастырды.
Өңірдегі жастардың қатысуымен «ХХ ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбының мерейлі мерекесі, яғни туған күні қарсаңында «Айтыстың ақтаңгері, өлең жырдың дүлдүлі» атты Жамбыл Жабаевтың ұрпақтарымен кездесу ұйымдастырылды.
«Дәстүр мен ғұрыпты» насихаттау мақсатында жамбылдық қыз-келіншектер арасында «Әулиеата бұрымдылары» облыстық байқауы ұйымдастырылды.
Жазушы, журналист Баймаханбет Ахметтің шығармашылығына арналған «Жадымдағы жаңғырықтар» атты кітабы көпшілік оқырманға таныстырылды.
«Ұлы Даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында қазақ поэзиясында өзіндік ізі бар, шоқтығы биік нар тұлғалы ақын Нарша Қашағанұлының туғанына 70 жыл толуына орай «Наршаның сөзі – баршаның сөзі» атты әдеби кеш ұйымдастырды.
Орталықтың ұйымдастыруымен тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Халықаралық «Тараз және Түркі өркениеті» атты конференция өткізілді және бұл жиынға әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар мен отандық тарихшылардың баяндамалары жинақталып, кітап болып басылып шықты.
2022 жылы «Өлкеңді таны» танымдық ойыны оқушылар арасында өткізілді.
Орталықта «Қыз өссе, елдің көркі» тақырыбында Тараз қаласындағы жастардың қатысуымен рухани кездесу ұйымдастырылды.
Орталықтың және Түркістан облысының Фараб кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен Түркістан төрінде «Қазақ сөз өнерінің наркескені» тақырыбында әдеби кеш өтті. Кеште Шерағаның шығармалары мен мұралары жастарға насихатталды.
Жуалы ауданы, Талапты ауылында қаламгер Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалды үйі ашылды.
Жамбыл өңірінің тарихын, әдебиетін, мәдениетін насихаттау мақсатында мектеп оқушылары арасында облыстық «Туған жердің тасы да ыстық» ғылыми-жобалар байқауын ұйымдастырды.
Шерхан Мұртазаның «Ауылды, сені сағынам» кітабы басылып, 1-2 томдары қалың көпшілік оқырманға жол тартты.
2023 жылы Шерхан Мұртазаның «Ауылды, сені сағынам» кітабының 3-4 томдары жарық көрді.
Облыстық мектеп оқушылары арасында жазушының шығармалары мен мұраларын насихаттау мақсатында «Түсіме жиі Мыңбұлақ кіреді» әдеби сағаттар легі ұйымдастырылды.
Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай облысымыздағы дарынды жастар арасында «Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей» жыр сайысын өткізді.
Өңір жастарының қатысуымен «Жастар – мемлекеттің тірегі, ұлттың болашағы» атты кездесу ұйымдастырылды.
Облыстың зиялы қауымының қатысуымен «Жамбыл мұрасы және жас ұрпақ талғамы» тақырыбында келелі кездесу өтті.
2024 жылы «Жамбыл бейнесі және Әбілхан қаламының құдіреті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Орталық өңірдегі мектеп оқушылары арасында «Мақал – сөздің мәйегі» байқауын ұйымдастырды.
Шона Смаханұлының туғанына 100 жыл толуына орай «Шоқтығы биік тұлға» атты әдеби- сазды кеш өтті.
«Тұлғаларды тарихи орындар арқылы танимыз» саяхатты экспедиция бастау алды. Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының» бірлескен «Тұлғаларды тарихи орындар арқылы танимыз» атты жобасы аясында Институттың қолжазба бөлімінің ғылыми қызметкері, қор сақтаушы, иран тілінің маманы Жүсіп Филтан мырза Тараз қаласына қызметтік сапармен келді. Сапар барысында Орталық қызметкерлерімен бірге Тараз қаласы мен оның айналасындағы тарихи-мәдени нысандардың сәулет өнеріне қатысты бөлігіне ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Шерхан Мұртазаның туған күніне орай тұлғаның Талаптыдағы шаңырағында «Түсіме ылғи Мыңбұлақ кіреді» атты ашық аспан астындағы әдеби-сазды кеші өтті.
Жамбыл облысының 85 жылдық мерекесіне орайластырылған «Дәстүрім – қазынам» ұлттық дәстүр байқауы өтті.
Алдағы уақыттарда да Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының өңір мәдениеті мен әдебиетіне, тарихи мұраларына үлкен серпін беретіндей жүйелі жобалары баршылық..
Руханият орталығы келешекте саналы жастардың рухани азық жинап, Шерхан Мұртаза сияқты туған халқына қызмет ететін азамат болып қалыптасуларына зор септігі тиетін киелі әрі қасиетті орын болатынына сенеміз.
Мадияр ЕРАЛЫҰЛЫ,
Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығы «Шерхантану» бөлімінің меңгерушісі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді