
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген ауруларға берілетін вакциналарды егу, белгілі бір аумақта жиі тіркелетін энзоотиялық ауруларға қарсы вакцина егу және бруцеллез, туберкулезге қарсы диагностикалық тексеру іс-шаралары бекітілген жоспарға сәйкес мемлекет тарапынан тегін жүргізіледі.
Мысалы, сібір жарасы, аусыл, қойдың күлі, оба және тағы басқа жануарлардың аса қауіпті ауруларына және бруцеллезді, туберкулезді тексеру ветеринариялық іс-шаралары тегін жүргізіледі.
Аталған бағытта өткен 2024 жылдың қорытындысымен мемлекеттік тапсырысқа сәйкес вакцина егу бойынша барлығы 26,8 миллион және диагностика бойынша 5,9 миллион ветеринариялық іс-шаралар атқарылды.
2025 жылы жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар бойынша барлығы 16,5 миллион вакцина егу және 5,6 миллион диагностикалық жұмыстар жоспарланды.
Мемлекеттік тапсырыс тізіміне енгізілмеген ауруларға ветеринариялық іс-шаралар «Облыстық ветеринариялық станция» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен бекіткен прейскурант арқылы ақылы жүргізіледі.
Ветеринария саласында ақылы қызмет аясында жануарларды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан емдеу, акушерлік көмек көрсету, хирургиялық ота жасау, жануарларға биостерилизация жасау және паразитологиялық аурулардың алдын алу, емдеу жұмыстарын жүргізу, дезинфекция, дезинсекция, дератизация жасау жатады. Аталған ақылы қызметтердің барлығы мал иелері есебінен жүргізіледі.
Жергілікті аймақта ветеринариялық бөлімдердің мал дәрігерлері ақылы түрде малды қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет түрлерін де көрсетеді.
Ануарбек ҚАЛТАЕВ,
облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Жазушы Кемел Тоқаев өмірінің ащы шындығы
- 19 сәуір, 2025
Ерлік пен еңбекқорлықтың үлгісі болған
- 19 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді