
Тексерістердің қорытындысымен жұмыс берушілерге 79 орындалуы міндетті нұсқама беріліп, аталған заңбұзушылықтар бойынша, жұмыс берушілерге жалпы құны 4 208 880 теңгені құрайтын 19 айыппұл салынып, 19 ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылды.
Жұмыстарды атқару барысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындау мен оны бақылау тиісті дәрежеде ұйымдастырылмағандықтан өндірістік жарақаттануға әкеп соғуда. Мәселен, өткен жылы облыстағы ұйымдарда 51 өндірістік жазатайым оқиға орын алып, 55 адам зардап шегіп, оның 7-уі адам өліміне әкеп соқтырды.
Әлеуметтік әріптестер мен жергілікті әкімдіктердің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесінде 3161 жұмыс беруші 54 885 жұмыскердің жалақысын орта есеппен 23,7 пайызға арттырды. Бүгінгі күнге кәсіпорындар мен мекемелер арасында жалақы көтеру бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру мәселесіне қатысты 2417 жұмыс берушідегі 5055 жұмыскердің еңбек қатынастары заңдастырылды. Яғни, көлеңкелі экономикадан шығарылып, еңбек құқықтары қалпына келтірілді. Сонымен қатар, әлеуметтік тұрғыда да, медициналық әлеуметтік сақтандыру, бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының қатысушы ретінде еңбек өтілін есептеуге де мүмкіндік алып отыр.
Жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған ұжымдық шарттарды қабылдау мәселесі де қатаң бақылауда. Бұл жұмыстар бүгінгі күнге облыс бойынша 92,1 пайызды құрап отыр.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Жамбыл облысы бойынша департаментінің арнайы ресми сайты жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Сайтта құқықтық көмек үшін «Онлайн қабылдау» айдары ашылған, мұнда еңбек қатынастарына қатысты электрондық өтініштер қалдыруға болады.
Еңбек инспекциясымен жоғарыда көрсетілген бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, еңбек заңнамаларын бұзу фактілерін анықтауда бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады.
Күн сайын мемлекеттік еңбек инспекторлары азаматтарды қабылдап, консультациялық көмек көрсетеді. Мемлекеттік еңбек инспекциясы Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз қаласындағы Желтоқсан көшесі, 78 мекенжайында орналасқанынан хабардар ете кеткен жөн болар.
Жанат МҰХАТАЕВА,
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Жамбыл облысы бойынша департаментінің еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы, мемлекеттік еңбек инспекторы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді