Таразда әскерилер арасында қазақ күресінен жарыс өтті
- author «Ақ жол»
- 11 ақпан, 2025
- 1829

Ұлттық спортты дәріптеу, сарбаздардың рухын көтеру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа әскери бөлімнің ең мықты балуандары қатысып, өзара белдесті. Дәстүрлі қазақ күресінің қаһармандық пен төзімділікті қажет ететінін ескерсек, бұл сайыс сарбаздардың ерік-жігерін, қайсарлығын және жауынгерлік рухын шыңдаудың жарқын үлгісі болды.
Жарыс барысында қатысушылар күш сынасып, нағыз батылдық пен табандылық танытты. Әскери қызметшілер өз шеберліктерін ортаға салып, жеңіс жолында қайсарлық көрсетті. Белдесулер жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әділ қазылар жеңімпаздарды анықтады.
Бұл біріншілік – тек спорттық дода ғана емес, Ұлы Жеңіс рухына арналған тағзым әрі әскери қызметшілердің ерік-жігерін шыңдайтын маңызды шара. Мұндай жарыстар сарбаздардың дене дайындығын арттырып қана қоймай, олардың ұлтжандылық қасиеттерін нығайтуға да зор ықпал етеді.
5513 әскери бөлімінің басшылығы мен ұйымдастырушылары бұл дәстүрлі доданың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтіп, қатысушыларға алғыс білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Ең бастысы – еңбек адамына деген құрмет
- 24 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді