
Департамент басшысы Аслан Оразбековтің айтуынша, 2025 жылғы 1 қаңт ардағы жағдай бойынша облыста ортақ зейнетақы алушылардың жалпы саны 139181 адам, базалық зейнетақы алушылардың саны 132684 адам болған. Биыл зейнетақылар мен жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшері ұлғайтылды. Жыл басынан бері қалыптасқан зейнеткерлер үшін ынтымақты зейнетақы мөлшері 8,5 пайызға артқан.
– Ағымдағы жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 62771 теңгені құрайды. Айта кету керек, бұл жерде 1998 жылға дейін толық жұмыс өтілі бар қазақстандықтар үшін жасына байланысты зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері көзделеді, яғни ерлер үшін – 25 жыл және әйелдер үшін – 20 жыл. Егер зейнеткердің еңбек өтілі аз болса, онда зейнетақының ең төменгі мөлшері оның мәніне пропорционалды түрде азаяды. Базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы өсуін, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оның ең төменгі мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60 пайыздан 70 пайызға дейін есептеу тәртібінің өзгеруін ескере отырып өсті. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылға дейін болған жағдайда, азаматтар базалық зейнетақының ең төменгі мөлшеріне сене алады, ол қазір ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына тең, яғни 32360 теңге. Ал 10 жылдан астам еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшін төлем 2 пайызға артады. Базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері 30 жыл немесе одан да көп жұмыс өтілі бар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110 пайызына жетуі мүмкін. Яғни, базалық төлемнің түпкілікті мөлшері еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу уақытына байланысты болады. Бұл ретте 2023- 2027 жылдар кезеңінде ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен 54-тен 70 пайызға дейін, ең жоғарысын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100-ден 120 пайызға дейін жеткізу көзделеді, – дейді Аслан Ұланұлы.
Ал, базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері биыл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110 пайызын, яғни 50851 теңгені құрайды. Сондай-ақ, биыл айлық есептік көрсеткіш ұлғайып, 3932 теңге болған. Ол жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін және айыппұлдар, салықтар және басқа төлемдер үшін қолданылады.
– Мемлекеттік бюджеттен а лғашқы жәрдемақы баланың туылуына байланысты төленеді. Алғашқы үш балаға бір мезгілде 38 айлық есептік көрсеткіш төленеді. Бұл 2025 жылы 149416 теңгеге тең. Төртінші және одан кейінгі балалардың тууына 63 айлық есептік көрсеткіш, яғни 247716 теңге беріледі. Осы төлеммен бірге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын, яғни жұмыс істемейтін әйелдерге бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы ресімделеді. Оның мөлшері балалардың кезектілігіне және айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне де байланысты. Бірінші балаға айына 5,76 айлық есептік көрсеткіш қойылды, 2025 жылғы 1 қаңт ардан баст ап бұл 22649 теңге болды. Екіншісіне – 6, 81 айлық есептік көрсеткіш, яғни – 26777 теңге, үшіншісіне – 7,85 айлық есептік көрсеткіш, бұл – 30867 теңге, төртіншісіне және одан кейінгі балаларға–8,9 айлық есептік көрсеткіш, бұл – 34995 теңге көлемінде қарастырылған. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын жұмыс істейтін әйелдерге бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Олардың мөлшері айлық есептік көрсеткішке емес, олардың орташа айлық жалақысына байланысты. Бұл ретте 2025 жылдан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақылар да, әлеуметтік төлемдер де бір жарым жылға дейін төленетін болды, – дейді департамент басшысы Аслан Оразбеков.
Осы орайда мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп, өсіріп отырған отбасыларға көрсетілетін көмек жөнінде де айта кеткен жөн болар. Мүгедек балалар тәрбиеленетін отбасыларды қолдау үшін елімізде кәмелетке толғанға дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері биыл 64720 теңгеге жеткен.
Жаңа жылда көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты да өсті. Төрт баласы бар отбасыларға ай сайын 63030 теңге, бес баласымен – 78798 теңге, алтауымен – 94565 теңге, жеті баламен – 110332 теңге, сегізінші және одан кейінгі балалардың әрқайсысына 15728 теңгеден төленеді.
Әлеуметтік кодекске «Наградталған аналар» деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл мәртебе «Күміс алқа», «Алтын алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендері бар әйелдерге беріледі. Сондай-ақ, наградталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделеді. «Алтын алқа» алқасымен, «Батыр ана» атағы бар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін арттырылды, яғни 29097 теңге, «Күміс алқа» алған аналарға – 25165 теңге, яғни 6,4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде беріледі.
Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін қызметкерлерге 55 жасқа толған және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісі кемінде 7 жыл болған кезде арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді енгізу зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін олар 55 жасқа толғанда және кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісі болған кезде көзделген. Төлем төрт көзден жүзеге асырылатынын да айта кетейік. Тарқата айтсақ, республикалық бюджеттен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшері, 92456 теңге, Үкіметтің қаулысымен бекітілген тәртіппен БЖЗҚ-дан қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып, өмірді сақтандыру компанияларының 1-ші ең төменгі күнкөріс деңгейі, бұл 46228 теңге және жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1-ші ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни 46228 теңге мөлшерінде. Қызметкер оны зейнеткерлік жасқа толғанға дейін алады. Зейнетақы тағайындалғаннан кейін төлем тоқтатылады. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының айтуынша, бұл төлем 2024 жылдан бері 641 алушыға тағайындалыпты.
2023 жылы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу ережелерінің қабылдануына байланысты оны алу құқығын жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары да алды. Бүгінгі таңда ақшалай өтемақы 1559-дан астам алушыға тағайындалған. Оларға 232 006 651 теңге төленген.
Халықты әлеуметтік қорғау кез келген әлеуметтік бағдарланған мемлекеттің ажырамас функциясы екені белгілі. Оның негізгі мақсаты – ел азаматтарының өмір сүру жағдайын жақсартуға және көтеруге бағытталған әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту. Сондықтан, көмекті қажет ететін санаттағы ел азаматтары қамқорлықтан тыс қалмайды.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді