«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы биыл да өз жалғасын табуда. Тараз қаласындағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде студенттер арасында «Таза өлке» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Іс-шара аясында қатысушыларға экологиялық мәдениет туралы кең түсінік берілді.
Экологиялық акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қа лыпт астыру болса, акция аясында түрлі ағартушылық акциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілуде.
Дөңгелек үстел қатысушысы М.Нұрділләұлы:
«Бүгінгі дөңгелек үстел жастар арасында, әсіресе, оқушылар мен студенттер арасында қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етеді. Акция арқылы туған жерді сүю, табиғи байлықты сақтау, оны таза ұстап, жасыл желекті арттыру ұғымы терең қалыптаса түседі. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» акциясы әрбір қазақстандыққа өзінің маңыздылығын және елдің дамуына қосқан үлесін сезінуге мүмкіндік береді» – дейді.
Осындай бағытт ағы іс-шаралар облыс аудандарында да ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Жамбыл ауданында жастар арасында «Табиғатты аялайық» викторинасы ұйымдастырылса, Жуалы ауданында «Жастар – ел болашағы» атты дөңгелек үстел отырысы, Қордай ауданында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында жастармен кездесу, Мойынқұм ауданында ауылдық округтер арасында «Таза аудан» челленджі өткізілді.
Ал, Т.Рысқұлов ауданында «Таза өлке бізге аманат» тақырыбында еңбек ардагерлері жастармен, Шу ауданында волонтерлар №10 Шу колледжінің студенттерімен кездессе, Меркі ауданында жастар арасында «Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты флешмоб, Сарысу ауданында «Бірге – Таза Қазақстан!» тақырыбында эко-ойын, Талас ауданында «Таза Қазақстан – Таза әлем» атты жастардың жоғары сынып оқушыларымен кездесуі ұйымдастырылған.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Бұлақ көзі ашылып, ағаштар отырғызылды
- 14 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




