
Шабдан Байбатшаев 1934 жылы Алматыдағы республикалық ауыл шаруашылығы жоғары мектебін бітірген соң, Жамбыл жеріне Әулиеата аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметіне жіберілген. Көп ұзамай көрші Түркістан облысында аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, аудандық газеттің бас редакторы болуы оның еңбеккештігін көрсетеді. Бұл туралы аталған музей директоры Эльмира Көкішева: «Бұл кісінің 1941-1942 жылдары Жамбыл аудандық партия комитетінің парткабинетінің меңгерушісі, 1942-1947 жылдары Жамбыл аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары,1947-1953 жылдары Сарысу аудандық атқару комитетінің, ал 1953-1955 жылдары Талас аудандық атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеуі ерекше назар аудартады. Сарысу аудандық атқару комитетінің төрағасы болып жүрген кезде Шабдан Байбатшаевтың КСРО Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының қазақ бөлімінің президенті Кәрім Мыңбаевтың ғылыми жетекшілігімен Бетпақдала және Мойынқұм шөлдерін мал шаруашылын қамтуға қажетті жем-шөп өсіріп игеруіне бағытталған ғылыми ізденістерінің нәтижелерін ерекше айта кетуге болады. Бұл зерттеу жұмыстары Бетпақдала және Мойынқұм шөлдерінде жем-шөп өсіруге болатындығын және сол нәтижелерді іске асыру жұмыстары негізінде ауданның мал саны қысқа мерзімде күрт өскен», – дейді. Осылайша, ол жай басшы ғана болып қоймай, мал шаруашылығына қажетті азықты ғылыми негізде әзірлетіп, өзі бақылап отырған.
Оның қазіргі Саудакент ауылын осы күнге дейін сумен қамтыған «Ынталы» су бөгетін, Қаратау қаласына, Аққөл, Саудакент ауылдарына өзі басшылық жасай жүріп бірқатар мәдени-әлеуметтік нысандар салдырғаны бұл күнде құрметпен айтылады.
1955-1960 жылдары сол кездегі Талас ауданына қарасты «Қызыл Октябрь» ұжымшарына төраға болған кезінде де талай батыл қадамдарға барғаны анық. Осындай ерен жұмыстары ескеріліп, ізгі ісі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төртінші және бесінші шақырылымына депутат болып сайлануына себеп болды. Халық қалаулысы ретінде де жүзеге асқан істері ауқымды.
Қазіргі таңда Сарысу ауданы, Саудакент ауылында, Талас ауданындағы Ақкөл ауылында және Жетісу облысындағы Көктал кентінде көшелерге есімі берілген. Ол мұндай құрметке өте лайық. Себебі, Байбатшаев салдырған мәдениет ошақтарында талай рухани-танымдық жұмыстары әлі күнге дейін жүріп жатса, сол кісінің басшылығымен салынған «Ынталы» су қоймасы әлі де Сарысудың бірнеше ауылдарына нәр беріп тұр. Оның тәлімін алған Балтабай Адамбаев, Күншырақ Ертагина, Қаһарман Бөпежанов, Махат Өксікбаев секілді шәкірттері қоғамның әр саласына өлшеусіз тер төкті. Байбатшаевтың ешқашан құнын жоймайтын жеңісі, бақыты да осы болар.
Есет ДОСАЛЫ
Сарысу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Аймақта алғаш мамандықтар атласы әзірленді
- 19 сәуір, 2025
Міндетті әлеуметтік төлемдердің мерзімінде берілуі бақылауда
- 19 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді