
– «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең». Өмірде армандамайтын адам жоқ. Алайда, сол арманға жету жолында барлығы бірдей еңбек етпейді. Әр адам бала күнінен өзінің жанына жақын өнерді таңдайды. Өз басым ес білгелі спортпен айналысуды қаладым. Осылайша, бокс үйірмесіне жазылып, бағымды сынап келемін. Жарыстарда орын алып, жеңістің дәмін татқан соң, онымен кәсіби түрде айналыса бастадым. Спортқа келуіме анам себепші болды. Анам қай кезде де мені жігерлендіріп, қанаттандырып отырады. Ауданның атын шығарып, жеңіс тұғырынан көрініп жүргенім бірінші Алланың, екінші ата-анамның ақ батасының арқасы. Болашақта ата-анамның үмітін ақтап, оларға қуаныш сыйлап, үлкен додаларда жүлделі болғым келеді, – дейді Артур.
Алты жылдан бері спорттың осы түрімен шұғылданған оның бүгінде өз салмақ дәрежесінде тәжірибесі толысқан спортшы десек артық емес. Ол осы уақыт аралығында көптеген жетістіктерге қол жеткізген. Облыс және Қазақстан Республикасының Батыс аймақтық чемпионатының жеңімпазы. Сондай-ақ, көптеген халықаралық турнирлерде топ жарған. Солардың ішінде ең сүбелісі – былтыр Өскемен қаласында өткен 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында қола жүлдегер атануы.
Белгілі жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «16 жасар чемпион» атты әңгімесінде Артурды бейнелегендей ме дерсің. «...Осының бәрі еңбектенудің, жаттығудың нәтижесі. Сенің де осылардың біріндей болуың мүмкін. Мұрат аузын ашып, қас қақпай қарап қалыпты. Таңданып, қатты қызығып тыңдап тұр. «Сенің де осылардың біріндей болуың мүмкін» деген сөзді ойына қатты түйіп қалды. Әлдеқайда алыста бір үміт сағымданып, қызыл түлкідей құйрығын бұлаң еткізгендей болды. Белді бекем буып қуса жететін...», – дейді бапкері Мұратты жігерлендіріп. Артур да әдеби шығармадағыдай жақындары мен бапкерлері берген күш-жігердің арқасында жеңіске жететінін айтады.
– Болашақта Бекзат, Ермахан мен Серік ағаларым секілді Олимпиада чемпионы болуды армандаймын. Ол үшін көп дайындық керек, сапалы білім алу қажет. Қазіргі таңда бапкерім Нұркен Рахманқұлмен бірлесіп, жаңа шыңдарды бағындыру үшін еңбек етіп жатырмыз. Әрине, спортта күтпеген жағдай орын алуы әбден мүмкін. Десе де, адам спорттағы ауырлықтарды сезінбей, биік белестерді бағындыра алмайды. Оның үстіне, күнделікті жаттығу жасау оңай емес. Соның бәріне шыдай білу керек. Кез келген жеңіс оңайлықпен келмейді. Жетістік те, жеңіс те, еңбектің нәтижесі. Еңбекпен келген жеңіс адамға бақыт сыйлайды, – дейді жас спортшы.
Есен ӨТЕУЛІ
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Таразда әскерилер арасында қазақ күресінен жарыс өтті
- 11 ақпан, 2025
Үйретуден жалықпайтын үйірме
- 30 қаңтар, 2025
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді