Еліміздің бірінші ракеткасы, теннисші Зарина Диас ұлттық құрама сапында Федерация кубогына қатысатын болды.Қазақ қызы енді Қазақстан құрамасы қатарында ел намысын қорғайды. Одан бөлек Ярослава Шведова, Камила Керімбаева, Юлия Путинцева құрамаға алынған. Бұл туралы Қазақстан Теннис федерациясы ресми түрде хабарлады. Қытайда өтетін Федерация кубогының азиялық тобында Қытай, Таиланд, Тайпеймен бір топта ойнайды. Екінші топта Жапония, Өзбекстан, Гонконг, Корея бар. Әр топтан бірінші орын алған командалар финалға жолдама алады. Жеңімпаз ел әлемдік топтың плей офф кезеңіне шығады. Былтыр Қазақстан құрамасы Қытайдан ұтылып, әлемдік топтың плей офф кезеңінен сыр қалған болатын.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




