«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тілге құрмет тәрбие ошағынан басталады

Тілге құрмет тәрбие ошағынан басталады
Ашық дереккөз
Тараз қаласындағы №63 орта мектепте қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестік мұғалімдерінің ұйымдастырумен «Тіл мен тарих – халықтың қос қанаты, ұлттың тірегі» атты айлық өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және тарих, ағылшын сабақтарында жаңартылған білім беру мазмұны негізінде инновациялық технологияларды пайдалана отырып, пәннің негізгі басымдықтарын көрсетіп, теория мен практиканы ұштастыра өзара тәжірбие алмасу, біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жауапкершілік пен әділдік құндылықтарын насихаттау, сапалы біліммен саналы, ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.

«Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру.

Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл–халық тарихы, ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз, – деді мектеп директоры Медет Джантелиев.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Гүлнар Нұрбекова және Айгуль Исакова «Жаңа технологияны тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында коучингі өткізілді. Ондағы мақсат – мұғалімдерге оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, нәтижелі білімге қол жеткізудің тиімді жолдарын көрсету.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестік мұғалімдерінің ұйымдастырумен «Тіл мен тарих-халықтың қос қанаты, ұлттың тірегі» атты айлықтың жабылу салтанаты өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар үш тілде өлең жырлар оқыды, 7 «А» сынып оқушылары Кәусар Қыдырбек, Жания Шілдебай, Аруна Искандерова Абайдың қара сөздерін 3 тілде айтса, 7 «А» сынып оқушысы Айару Қалқабектің орындауында халық әні «Балқадиша» шырқалды. Ал, 6 «А» сынып оқушыларын Отанға деген өлең жырларын тарту етті.

 

Гүлнар НҰРБЕКОВА,

№63 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Тараз қаласы

Ұқсас жаңалықтар