«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Оқу озаттары олжадан кенде емес

Оқу озаттары олжадан кенде емес
Ашық дереккөз
А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен облыстық білім басқармасының бұйрығына сәйкес «Мектептерге арналған PISA» (PBTS) халықаралық зерттеуі өткізілді. Зерттеуге облысымыздан 61 білім мекемесінен 2005 оқушы іріктелді. Бұл 61 мектептің екеуі мектеп-интернаты болса, бесеуі мектеп-гимназия, 2-і шағын орталықты орта мектеп, 2-і тірек мектебі, 45-і орта мектеп, 5-і мектеп-лицей. Халықаралық зерттеу нәтижесінің қорытындысында оқушыларымыз көрсеткен біліммен облысымыз І орынды иеленді.

Бұл жөнінде облыстың білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Мұхит Нысанбаев тарқата айтып, оқушыларымыз «математикалық сауаттылығы» бойынша 572 балл көрсетіп, республикалық көрсеткіштен (424) 148 баллға жоғары, «оқу сауаттылығынан» 452 баллмен республикалық көрсеткіштен (403) 49 баллға жоғары, «жаратылыстану сауаттылығынан» 411 баллмен республикалық көрсеткіштен (379) 32 баллға жоғары білім деңгейін көрсеткендерін жеткізді.

– Департамент білім беру сапасы мен о сы саладағы жұмыстардың заң аясында жүргізілуін бақылайтындықтан, қандай да бір кемшіліктер орын алса, ескерту жасап, түзетілуін қадағалайды. Сонымен қатар, педагогтер ұжымына кеңестер де көрсетеді. Білім беру саласындағы заңнамаларға, құқықтық-нормативтік актілер бойынша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне тұрақты түрде кеңестер, кездесулер, брифингтер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Биыл барлығы 6 семинар өткізілді. Оның екеуі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін және екеуі жалпы орта білім беру ұйымдарына, тағы екеуі білім беру ұйымдарының лицензия және лицензияға қосымшаға арналды. Департаменттің ресми сайтында білім беру мәселелері бойынша ақпараттар, байланыс деректері, бөлімдер тура лы мәлімет және азаматтарды қабылдау кестесі, қызметі туралы ақпарат орналастырылған. Сонымен қатар, білім беру саласына қатысты нормативтік құқықтық актілер, 2025 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі жарияланған, – деді Мұхит Аманқұлұлы.

Бүгінде облыста 449 мемлекеттік, оның ішінде 42 бастауыш, 33 негізгі орта, 374 жалпы орта мектеп жасөспірімдерді оқытып, тәрбиелеу бағытында жұмыс істейді. Оқыту тілі жағынан айтсақ, 318 қазақ, үшеуі орыс және 128 аралас мектеп бар. Бұдан бөлек, бүлдіршіндерді тәрбиелейтін балабақшалар да осы бағытта қызмет етіп келеді. Жалпы білім беру саласындағы ұйымдардың қызметтік сапасын бақылау үшін білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті түрлі шараларды жүзеге асырып отыр. Биыл 267 білім беру ұйымдары аттестаттау тізіміне енгізілген. Олардың ішінде 46-сы балабақша, оның 18-і жекеменшік, 28-і мемлекеттік, 221-і мектеп, оның 216-сы мемлекеттік болса, бесеуі жекеменшік.

– Бүгінге дейін 215 мектепке, 46 балабақшаға мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Нәтижесінде 46 балабақшаның 4-і қайта аттестаттаудан өтпеді. Мемлекеттік аттестаттау жүргізілген мектептердің 11-і қайта аттестатталмады. Атап айтсақ, олар – Мойынқұм ауданындағы Ақбақай орта мектебі, Талас ауданындағы Қошмамбетов атындағы және Абай атындағы негізгі мектептер, Байзақ ауданындағы М.Маметова атындағы, Шу ауданындағы Жиенбет атындағы негізгі мектептер, Еңбекші орта мектебі , Т. Рысқұлов ауданындағы Сөгеті және Тасшолақ бастауыш мектептері, Жамбыл ауданындағы Рахат бастауыш мектебі, Меркі ауданындағы Алтынарық бастауыш мектебі, Тараз қаласындағы №28 Ә. Молдағұлова атындағы орта мектеп. Ал, 67 мектепке қайта аттестаттау жүргізіліп, кемшіліктер жойылды. Қалған мектептерге белгіленген мерзім бойынша өткізілетін болады. Атте ст атт ау жүргізілген мекемелерде кездесетін негізгі кемшіліктерді де атап өткен жөн болар. Олар – материалдық- техникалық базасының жеткіліксіздігі, шағын орталықтар мен мектепалды даярлық топтары қызметінің назардан тыс қалуы, 4 және 9 сыныптардың тестілеу нәтижесінен төмен ба лл а луы, «Білім класс» электронды журналының талапқа сәйкес толтырылмауы, «Жол жүру ережелері» және «Өмір қауіпсіздігі негіздері» міндетті оқу курсының дұрыс жүргізілмеуі, Ұлттық білім беру деректер қорындағы мәліметтер мектептің нақты мәліметтерімен сәйкес келмеуі, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарынан уақытында өтпеуі. Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті тарапынан жүргізілген мониторинг нәтижесінде Ұлттық білім беру деректер қорындағы мәліметтердің сәйкес келмеуі бойынша облыста 5 мектептің басшыларына әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, айыппұл салынды, – дейді аталған департамент басшысы Мұхит Нысанбаев.

Департамент тарапынан І жартыжылдыққа бекітілген кесте бойынша бақылау субъектілеріне барып жүргізілетін 11 профилактикалық бақылау жоспарланған. Ол 2 балабақшаға, 8 мектепке, 1 колледжге жүргізілуі керек. Осы мекемелерге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 4 мекеме аттестатталып, 7 мекемеге тексеру нәтижесі бойынша нұсқама беріліпті. ІІ жартыжылдың бекітілген кестесіне сәйкес, 3 профилактикалық бақылау жоспарланған. Нәтижесінде Шу ауданы білім бөлімінің М. Дулатұлы атында ы орта мектебі, Байзақ ауданы білім бөлімінің Қосақ негізгі мектебіне және Жуалы ауданы білім бөлімінің №34 Қаратас негізгі мектебіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіліп, тексеру нәтижесі бойынша нұсқама берілген.

Былтырғы жылдың соңына дейін «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы 97 өтініш түскен. 3 мемлекеттік, 8 жекеменшік мектепке бас лицензия берілсе, 20 мектеп және 2 колледждің лицензиясы қайта рәсімделген. 8 мектепке лицензияға қосымша беріліп, 56 білім беру ұйымдары лицензиялау талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты дәлелді бас тартылған.

Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою қызметі бойынша 250 құжат орындалып, мемлекеттік корпорацияға жолданған. 20 құжат түпнұсқасының болмауы, құжаттың расталмауы және қызмет көрсету салығының төленбеуі себебінен кері қайтарылыпты.

Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес 6 отырыс өткізіліп, 10 мәселе қаралған. Сол отырыстарда 2 аудандық білім бөлімі басшыларының есептері тыңдалған.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Ұқсас жаңалықтар