Жалпы, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың ел тарихы үшін маңызы зор. Бүгінде өңір аумағындағы ауқымды тарихи оқиғалар болған нүктелерге археологиялық жұмыстар жүргізу, тереңінен жіті зерттеу сынды жұмыстар қолға алынып, өңір ғалымдары осы кезеңге дейін белгісіз болып келген тың деректерге қол жеткізуде. Мекеме басшысының айтуынша, «Бесағаш» VI-XII ғасырлардағы елді мекенін зерттеу Ұлы Жібек жолындағы мәдениет пен өркениеттің өзара іс-қимылын зерттеу мәселелерінде маңызды мәнге ие.
– Біріккен араб-түрік әскери жеңісі нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия жеріне қытай әскері мың жылдан астам уақыт бойы аяқ баса алмағаны тарихтан белгілі. Күллі мұсылман әлемі тағдырына шешуші ықпал етіп, қала мен даланың өзара ықпалдасуын қалпына келтірген 751 жылы болған «Атлах» шайқасының осы ерте ортағасырлық қаланың аумағында болғанын археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында нақтылауға жаңа мүмкіндіктер беріледі. «Бесағаш» VI-XII ғасырлардағы елді мекенін зерттеу, барлау жұмыстарын жүргізу, қала аймағында орналасқан ескерткіштердің санын анықтап, олардың бір-бірімен байланысын, тарихқа белгілі 751 жылы «Атлах» шайқасы болған аумақтағы тарихи қала екендігін, «Ұлы Жібек жолы» бойында қалалар мен қоныстардың өзара байланысын анықтау және тауарлар мен технологиялардың, мәдени эталондар мен діндердің таралуын анықтау жұмыстарын тыңғылықты жүргізіп жатырмыз, – деді Сауран Қалиұлы.
Осы аймақта болған тарихи процестерді және олардың шектес аумақтарымен байланысты неғұрлым толық зерделеу үшін ірі ауқымды археологиялық зерттеулерге дейін кең көлемдегі археологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Брифинг барысында мекеме басшысы аталған тарихи-зерттеу жұмыстарына байланысты журналистер сауалына жауап берді.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді