Депутат Гүлдара Нұрымова ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін шешу үшін ауылдық жерлерге көшіп келген мамандарға 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы төленетінін атап өтті. Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заңға енгізілген бұл норма Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған.
– Мемлекет әрқашан денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөледі. Биыл дәрігерлерді қорғауға және олардың мәртебесін арттыруға бағытталған сапалы жаңа заң жобасы күшіне енді. Бірқатар әлеуметтік кепілдіктер енгізіліп, құқықтық тұрғыда қорғау мәселесі күшейтілуде. Атап айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдарда медицина қызметкерлерінің балаларына бірінші кезекте орын беріледі. Бұған қоса, басы артық есеп беру мәселесі қысқартылады, дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігі сақтандырылады. Медициналық жоғары оқу орындарының жас түлектері өздерінің көмегі адамдарға шынымен де қажет екенін және мемлекет тарапынан жасалатын қолдау шаралары дәл осыған бағытталғанын анық түсінуге тиіс, – деді Гүлдара Алданышқызы.
Өткен жылы облыста партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында 20 медициналық нысан пайдалануға берілді. Сондай-ақ, екі емханада күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. 5 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражатына 18 бірлік медициналық диагностикалық техника, сондай-ақ 38 санитарлық автомобиль сатып алынды. Бұл қадамдар ерте диагностиканы жақсартуға, жедел жәрдем жұмысының сапасын және ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Биыл өңірде Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Байзақ, Қордай және Сарысу аудандарындағы аудандық ауруханаларды қоса алғанда, 7 медициналық нысанның құрылыс жұмысы басталады. Сондай-ақ, Таразда туберкулезбен және өкпенің өзге де ауруларымен ауыратын балаларға арналған перинаталдық орталық, жедел медициналық жәрдем станциясын және мамандандырылған санаторий ашу жоспарланған.
«Aq jol»-Aqparat.
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді