Серік Жақсылықұлы өз сөзінде Азия чемпионатында ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен спортшыларымызды жеңісімен құттықтап, ел мерейін асырып жүрген спортшыларға аймақ басшылығы тарапынан арнайы сый-сияпат табыс етті. Өз кезегінде әулиеаталық боксшылар мен олардың жаттықтырушылары жергілікті билік өкілдеріне әркез көрсетіп жүрген қолдауы үшін шынайы ризашылығын білдірді.
Естеріңізде болса, былтырғы жылы Черногорияның Будва қаласында бокстан жастар арасында Әлем чемпионаты өткен еді. Дәл сол сында ел құрамасындағы күрзі жұдырықты жігіттеріміз 6 алтын, 1 күміс, 10 қола еншілеп, жалпы есепте көш бастады. Осылайша, жерлесіміз Бексұлтан Боранбек (51 кг) өз мықтылығын мойындатып, әулиеаталық жастар арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Ал, Қайрат Сәтжанов баптайтын бокстан ерлер құрамасы Тайландта өткен Азия чемпионатында 13 салмақта додаға түсіп, 10 медальді қанжығалады.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін жамбылдық жампоздар республикалық және халықаралық түрлі жарыстарда 1 797 (658 алтын, 570 күміс, 569 қола) медальға ие болды. Бұдан бөлек, өткен жылдың қорытындысымен өңірде жүйелі түрде спортпен шұғылданушылар үлесі 41,2 пайызға жетті.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




