Жуалы ауданына қарасты Бауыржан Момышұлы ауылында заманауи спорттық - сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Ж.Мұртаза арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанмен құттықтады.
Спорт кешенін құрлысын жүргізген «Bek stroy 2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Нысанның жалпы ауданы – 1 550 шаршы метрді құрайды. Үлкен залдың көлемі – 36х24 аумақты алып жатыр.

Мұнда денешынықтырумен қатар, спорттық жарыстар өткізуге толық мүмкіндік бар. Ғимараттың бір шетіндегі үстіңгі қабаттан бокс үйірмесі ашылмақ. Әкімшілік қызметкерлерге де орын қарастырылған.
Айта кетейік, ауданда жалпы 163 спорт нысаны бар, оның ішінде 1 стадион, 3 спорт кешені, 12 футбол алаңы, 101 спорттық алаңшалар және 46 спорт залы кіреді.
Ұқсас жаңалықтар
Шахмат жасқа қарамайды
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




