Сонымен қатар, салтанатты іс-шараға «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, спорт жанашыры Абай Асылов, турнирдің бас төрешісі, Халықаралық дәрежедегі UWW төрешісі Saiwan Ali Mohamed, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының бас хатшысы Димаш Сұлтанов, облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, Әлімбек Жұмабаев арнайы қатысып, бақ сынап жатқан спортшыларға сәттілік тіледі.
Атап өту керек, бұл турнир 2007 жылдан республикалық деңгейде ұйымдастырылса, 2012 жылдан бастап халықаралық деңгейде өткізіліп келеді.
Осы жолғы Тараз төріндегі байрақты бәсекеде Америка Құрама Штаттары, Бразилия Федеративті Республикасы, Аустралия Одағы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Қырғыз Республикасы, Түркменстан Республикасы және Қазақстан Республикасынан келген еркін күрес шеберлері бақ сынады.
Жарыс нәтижесіне келетін болсақ, 57 килограмда жамбылдық Рахат Қалжан, 61 килограмда отандасымыз Мейрамбек Қартбай, 65 килограмда отандасымыз Әділ Оспанов, 70 килограмда қырғыз елінің үміті Эрназар Ахметалиев, 74 килограмда америкалық Дэвид Карр, 79 килограмда монғолиялық Сулдхуу Олонбайяр чемпион атанды. Отандасымыз Даулет Ергеш финалда осы монғолиялық балуанға жол беріп, күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар, отандастарымыз 86 килограмда Болат Сақаев, 92 килограмда Азамат Дәулетбеков жеңімпаз атанса, 97 килограмда амаерикалық Джонатон Айелла алтыннан алқа тағынды. 125 килограмда отандасымыз Серік Бақытханов мықтылық танытса, 79 килограмда жамбылдық Дәулет Ергеш күміс жүлдегер атанды. Ол ақтық сында Монғолия балуанына есе жіберді.
Бұл жарыста алтын жүлдеге 4 мың, күміс жүлдеге 2 мың, қола жүлделерге 500 АҚШ долларынан берілді. Бұдан бөлек, әр салмақта чемпион болған спортшының жеке бапкерлері де қаржылай қомақты сыйақы алды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар нысандар ел игілігіне берілді
- 16 желтоқсан, 2024
Ұлтына ұлы қуаныш сыйлаған ұл
- 5 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді