Таныстыру жұмыстары барысында Ұлттық музейдің аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Жәкен Таймағамбетов «Жамбыл облысындағы тас дәуірі ескерткіштерінің зерттелуі» бойынша толығырақ тоқталды. Ал, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің деканы Досбол Байгунаков «Қарасай петроглифтері» анықтамаларын таныстырды. Сондай-ақ, жапондық қонақтар да облыстың жауһарларына куә болып, өз әсерлерімен бөлісті.
Айта кетсек, Қарасай петроглифтік кешені Байзақ ауданы, Ақбұлым ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5,7 километр жерде, Ботамойнақ тауының Қарасай шатқалында орналасқан.
Жамбыл облысы өз арсеналында түрлі табиғи-климаттық аймақтары бар көркем сұлулығымен және тарихи-мәдени ескерткіштерімен ерекшеленеді. Солардың бірі – «ашық аспан астындағы» Қарасай петроглифтерінің кешені.
Мұнда шоғырланған жартас суреттерін, негізінде, археологиялық мұраның маңызды бөлігі және заттай мәдениет дереккөздері ретінде сипаттай отырып, оларды толыққанды тікелей ақпарат жеткізуші ретінде қарастыруға болады.
Өңірдегі тастағы суреттерге қатысты зерттеу жұмыстарын 1970-2000 жылдар аралығында тарихшы-өлкетанушы Күзембай Байбосынов бастаған еді. Ал, 1990-2010 жылдары тарихшы- өлкетанушы Жамбыл Бесбаев Қарасай петроглифтерінің сақталып қалуына және зерттелуіне өз үлесін қосты. Ескерткіш 2010 жылы облыстың «Тарихи-мәдени ескерткіштер» жинағына енгізілді. 2013 жылы е скерткіш археолог До сбол Байгунаковтың жетекшілігімен қайта зерттелді.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




