Бұл спорт кешенінің іргетасын алты жыл бұрын атақты балуан, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров қалаған. Кешен жергілікті тұрғындар үшін есігін айқара ашты. Символдық қызыл лентаны облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов пен Жақсылық Үшкемпіровтің жары Күлпан Мұқашқызы қиды.
– Ауданда бес спорт кешені жұмыс істейді. Жақын арада Бірлік ауылы мен Шу қаласының тұрғындары үшін жаңа спорттық ғимараттар да ашылады, – деді Серік Сәлемов.
Кешеннің құрылысымен «Автономды Энерго кешені» ЖШС айналысқан. Кәсіпорын директоры Нұртас Найманбай салтанатты жағдайда ғимараттың символдық кілтін Айтжан Әшімхановқа табыс етті. Ауыл әкімі Данияр Сандыбаев тұрғындар атынан меценатқа тұлпар сыйлады. Құны 190 миллион теңге болатын спорт кешені 800 шаршы метрді алып жатыр және бір уақытта 80 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда ауыл балалары футбол, волейбол, баскетбол, күрес және басқа да танымал спорт түрлерімен айналысады.
«Aq jol»-Aqpаrаt.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




