Ағартушы, саяхатшы әрі суретші Шоқан Уәлиханов небәрі 30 жасында қайтыс болды. Оның еңбектері Орталық Азияға үлкен жаңашылдықтар әкелді. Әсіресе, этнографияға көп көңіл бөліп, түрлі халықтың мәдениетін, тұрмыс- тіршілігін тереңінен зерттеді. «Алты шаһардың жай-жапсары», «Жоңғария очерктері» және «Ыстықкөл күнделігі» сынды жазбалары көпке белгілі. Сондай-ақ, ол қазақ және қырғыз әдебиеттеріне алғаш пікір айтушы. Шоқанның қандай себеппен өлгені әлі күнге дейін жұмбақ. Бірі мұны қасақана жасалған іс десе, екіншісі ауыр дерттен қаза тапты дейді.
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам? – деп елдің мұң-мұқтажын жырлаған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың бұл өлең жолдарын әрқайсымыз бала кезден жаттап өстік. Бүкіл ғұмырын шығармашылық жолына арнап, қоғамдағы өткір мәселелерді сынға алған рухты ақын XX ғасырдағы арпалыс заманның ащы шындығын көркем суреттей білді. Кез келген туындыларына надандық, теңсіздік, әлімжеттік сияқты тақырыптарды арқау етіп, сынап отырған. Қазақ елі Сұлтанмахмұттың болашағына үлкен сенім артып еді, алайда ол да жалындап тұрған 27 жасында өмірден озды.
Батыс пен Шығыс өркениетіндегі жыр-даст андарды әдебиетімізге жақындата түсіп, көркем аударма жасаған Қасым Аманжолов поэзия жанрын тың жаңалықтармен толықтырды. Отанға деген сүйіспеншілік, адами құндылықтар, махаббат туралы өлеңдер жазды. Шығармаларын оқып отырғанда автордың қайсар, шынайы, өмірге деген көзқарасының ерекше екенін сезесің. Қасымның өзі өлгенімен, өнерге деген махаббаты өлмеген. Драматург Сәбит Досанов айтқандай, «Хакім Абай қазақ жырының қасиетті Алатауы болса, ақиық ақын Қасым – қазыналы Қаратауы». Ол 1955 жылы 44 жасында бақиға аттанды.
Бұған дейінгі ақын-жазушылар өлімді адам үшін тым қорқынышты, суық етіп суреттеп жүрді. Шынында, біздің ойымызша, өлімнен артық азап жоқ. Арамыздағы жалғыз Мағжан Жұмабаев қана мұны бесікте жатқан сәбидің әлдиіне ұқсатты. Яғни, ең қорқыныштысы тіршілік етуді тоқтату емес, керісінше, қорлықпен, азаппен, мәнсіз өмір сүру. Дәл осындай философиялық пәлсапаға толы дүниелер ақын Мағжан Жұмабаевтың біраз жырларында кездеседі. Өз заманындағы әділетсіздік, сауатсыздық, адам құқығының болмауы, кедейшілік жағдайлары оған қатты әсер етті. Тәуелсіздік таңына жетпей кетсе де, «Мен жастарға сенемін!» деп, түбі еркіндік а ларымызды білгендей, ұрпақтарына ерік-жігер сыйлады. Бәлкім, ұзақ жасағанда талай жетістіктерге жетер ме еді?.. Әйтсе де, маңдайына жазылған қысқа ғұмыры мәңгілік ғибратқа айналды.
Әсем АСЫЛБЕК,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті журналистика мамандығының 3-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді