«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сот істерін электронды жүргізу тәртібі қандай?

Сот істерін электронды жүргізу тәртібі қандай?
Ашық дереккөз
Сот органдарымен сот істерін электронды жүргізу, іске асыру мен ақпараттандыру бойынша көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.

Қазіргі таңда азаматтар мен заңды тұлғалардың өз құқықтарын қорғауды мейлінше ашық және қолжетімді іске асыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-инновациялық технологиялар еңгізілуде. Жаңа өзгерістер сот төрелігін іске асырудың барлық кезеңін қамтиды. Яғни, сотқа құжат тапсырудан, соттың шешімі мен атқару парағын қолына алған уақытқа дейін.

Қолданыстағы сервистердің негізгі құралы ретінде «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін атауға болады. «Сот кабинеті» электрондық жүйесі сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, сот жүйесінің анықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жедел жұмыс істеуіне бағытталған. Сот кабинеті арқылы кез-келген тұлға уақытын үнемдей отырып, интернет желісі арқылы онлайн режимде сотқа электронды түрде талап арыздар, сондай-ақ, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, істің қаралу барысын бақылауына мүмкіндігі бар. Сот кабинеті арқылы кез-келген сервис қолданушысы барлық арыз түрлерін сотқа электронды түрде тапсыра алады. Сандық электронды қолтаңбасы бар ел азаматтары уақыттарын үнемдей отырып, кез-келген уақытта интернет желісі арқылы талап арыздарын, шағым мен наразылықтарын жолдай алады.

Сервистердің тағы бір түрі ретінде сот отырыстарын бейнеконференц байланыс арқылы қашықтықтан өткізу мүмкіндігін қарастыруға болады. Сервис сот отырыстарын кейінге қалдырмай, шұғыл түрде қарауға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, сот істерін қарау кестесі, электронды шақыру қағазы секілді сервистер кез-келген тұлғаның мобильді түрде ақпараттармен танысуға қол ұшын береді.

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігі тәсілдерінің бірі болып табылғандықтан, ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдемек.

Г.Киташова,

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот әкімшісінің басшысы

Ұқсас жаңалықтар