Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген пилоттық жобалар жүзеге асуда
- author «Ақ жол»
- 14 қараша, 2024
- 206
Алдымен облыс әкімі «Ұлы дала» (15) шағынауданындағы №64 орта мектепке барды. Бұл білім беру нысанына «Отан Мектеп» ақпараттық- бағдарламалық кешені орнатылған.
1200 балаға шақталған ғимарат өткен жылы бой көтерген. Бүгінде екі ауысымда 2 285 оқушы білім алуда. Мектепте 132 педагог қызмет етеді. Білім беру нысанында 56 оқу бөлмесі, 6 компьютер, 2 лингафон, 1 мұғалімдер кабинеті бар, сондай-ақ 1 мәжіліс залы, 2 спортзал, асхана, кітапхана, 4 шеберхана мен 3 зертхана қарастырылған.
Бұдан соң облыс әкімі «Арай» алабында орналасқан 600 орындық №63 орта мектептің жұмысымен танысты. Аталған білім ошағына «Алақан» жобасы пилоттық режимде іске қосылған.
Айта кетейік, бұл пилоттық жобалар аясында ата-аналар баласының мектепке кіріп-шыққанын, асханаға қай уақытта барып, қанша қаражат жұмсағанын ұялы телефоны арқылы бақылай алады. Бұдан бөлек, білім ұясындағы барлық кітаптар жүйеге енгізіледі әрі оқулықтарды пайдалануға алған оқушыны анықтау оңайға соғады.
Мектеп директоры Медет Жантелиевтің айтуынша, қазір 38 педагог 481 балаға білім беруде. Нысанда 26 оқу бөлмесі, 4 компьютер, 3 модификация кабинеті, 4 шеберхана, мәжіліс залы, спортзал мен асхана бар.
Ербол Қарашөкеев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда тұрғанын атап өтіп, жауаптыларға пилоттық жобалардың тиімділігін жан-жақты зерделеуді тапсырды.
Ұтымды жобаның тәжірибесі өңірдегі басқа да мектептерге таратылатын болады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді