Қазақстандық әскерилер халықаралық барлау топтары, мерген жұптары, патрульдер сияқты сайыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүр. Барлау бөлімшелерінде алдыңғы буынның дәстүрін қастерлейді және оларды жауынгерлік тәжірибеде қолданады. Ең күрделі, өмірге қауіп төнетін жағдайда кейде іске асуы қисынсыз міндеттерді орындау кезінде олар айрықша батырлық, шыдамдылық және кәсібилік көрсетеді. Отанға деген шексіз адалдық, жанқиярлық – мемлекеттің мүддесін қорғаудағы әскери барлаушылардың негізгі қасиеттері.
Тарихқа үңілсек, әскери барлау күнінің бекітілуі большевиктермен тікелей байланысты. Сонау 1918 жылы Әскери халық комиссариаты Лев Троцкий кеңестік әскери барлаудағы тұңғыш «Барлау және қарсы барлау қызметінің жалпы ережелері» құжатын бекітті. Далалық штаб құрамында барлық әскери барлау агенттігінің басын біріктірген тіркеу басқармасы құрылып, тұңғыш бастығы болып Семен Аралов тағайындалды. Тіркеу басқармасының құрамына агенттік және әскери бақылау, яғни «контрразведка» секілді екі бөлімше кірді. Әскерлер барлауымен Шұғыл Басқарманың барлау бөлімшесінің 15 адамнан тұратын құрамы айналысты. Агенттік барлау және әскери бақылау органдары пайда болғанымен, жалпы әскери барлау топтасқан күйде қалды.
Көп ұзамай Мәскеуде барлау және әскери бақылау курстары ашылды. Оның бағдарламасы жаяу әскер барлау, артиллерия, география, байланыс қызметі, әкімшілік, тактика, артиллериялық барлау, бақылау барлау (контрразведка), инженерлік бақылау, топография, кавалерия барлауы (атты әскер), әскери-топографиялық барлау, агенттік барлау пәндерінен құралды. Кейінірек француз, неміс, ағылшын, жапон, швед, фин және тағы басқа шет тілдерін оқыту басталды. 1921 жылдың сәуір айында тіркеу басқармасы республиканың революциялық әскери кеңесінің Барлау басқармасының штабы болып өзгертілді. Басқарманың штатына әскери барлау бөлімі де қосылды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының барлау бастығы, полковник Ербол Серғазиннің айтуынша, барлау қызметінде әрбір әскери қызметшіге ерекше көңіл бөлінеді. Ол өз сөзінде офицерлер жедел ойлау, түрлі жағдайларға ден қою және тез шешім қабылдау сияқты қасиеттері бойынша іріктелетінін жеткізді.
– Барлаушы жауынгерлер өздерінің дағдылары мен ептіліктерін жедел, жауынгерлік даярлықтарда және оқу-жаттығу іс-шаралары барысында жетілдіріп, шыңдайды. Онда барлаушылар далалық ептілік пен жоғары әскери шеберлікті көрсетеді. Барлау офицерінің жасы маңызды емес. Мәселен, ол 20 немесе 35 жаста болуы мүмкін. Әйтсе де, дене шынықтыру жаттығулары бәрінде бірдей жоғары болуы керек. Өйткені, маңызды тапсырмаларды орындайды. Әскери барлаушының айрықша ерекшелігі – бұл ақыл, физикалық төзімділік, интеллектуалды даму, стреске төзімділік, ерік-жігер, батылдық, кез келген жағдайға тез әрекет ету. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының барлау бөлімшелерінің жауынгерлері осы сипаттамаға сәйкес келеді, – дейді полковник.
Ал, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Қуанышбек Үштаев халықаралық ахуал шиеленіскен жағдайда оның ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы рөлі арта түсетінін айтты. «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде барлау қызметі маңызды рөл атқарады. Барлаушылар әрқашан елеусіз болып жүретініне қарамастан, ең күрделі тапсырмаларды орындаған кезде тиімді әрі үйлесімді әрекет етеді. Барлау бөлімшелері алдыңғы аға буынның дәстүрлерін құрметтейді және олардың жауынгерлік тәжірибесіне сүйенеді. Өмірге қауіп төндіретін, кейде елестетудің өзі қиындық туғызатын міндеттерді орындау кезінде олар ерекше төзімділікті, батылдық пен кәсіби шеберлікті көрсетіп жатады», – деді ол.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Сан соғып қалмас үшін сақтық қажет
- 19 қараша, 2024
Өнегелі әңгіме өрбіген жүздесу өтті
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді