Қордайлық Замира Абдуллаева Қақпатас ауылында тұрады, 8 баласының 7-уі кәмелеттік жасқа толмаған. Ол жұмыссыз көпбалалы ана ретінде және екі баласының мүгедектігіне жәрдемақы алады. Күйеуінің де тұрақты жұмысы жоқ. Бірнеше банктерде 6 миллион теңгеге жуық тұтынушылық несиелері бар. Олардың ай сайынғы төлемін балалардың жәрдемақысынан төлеп отырған. Содан ауылдастарынан «Қарызсыз қоғам» жобасы жайлы естіп, осында оқуға келген. Жалпы жобаға келгенде қарыздарының көптігінен қатты күйзелісте болады. Алайда, жобаға қатысуының арқасында өмірге деген көзқарасы өзгеріп, тіпті бизнеспен айналысуға бел шешеді.
Қаржылық сауаттылық курсының соныңда Замира Абдуллаеваның «Бастау Бизнес» сертификатын алуына және қайтарымсыз грантқа қатысу үшін бизнес-жоспар жасауына көмек көрсетілді. Нәтижесінде, жобаға қатысушы өзінің бизнес идеясымен гранттық қаржыландыруға қатысып, тамыз айында жеке ісін ашуға 1476800 теңге қаржы алды. Бүгінге сол қаражатқа алған 4 сиырды сауып, сүтін ауылдастарына сатып, табыс табуда. Бұл оқиға бизнеспен айналысу арқылы қарыз құрсауынан шығуда қаржылық білімнің қаншалықты маңызды екенінің айқын бір көрінісі деуге болады.
Тағы бір кейіпкеріміз Жанар Агибетова Меркі ауданының Андас батыр ауылының тұрғыны. Жалдамалы үйде тұратын ол ауылдық әкімдікте еден жуушы болып жұмыс істейді. «Қарызсыз қоғам» жобасына қатыспай тұрып, Жанардың мойнында микроқаржы ұйымдарынан жақын адамына алып берген екі несиесі болған екен. Басында ай сайынғы төлемдерді төлеп отырған туысы кейін төлемді тоқтатып, тіпті байланысқа шықпай қойған. Кешіктіру басталған соң, несиені әрі қарай Жанардың өзі төлеуіне тура келген. Сол арада жұмыс орнынан «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржылық сауаттылық курсына қатысуға жолдама алады. Нәтижесінде қаржы сарапшысы мен заңгердің көмегі екі несиесі бойынша қарызының біраз бөлігін жабуға ықпал еткен. Бұған дейін Жанарды алаяқтар мен коллекторлар да жиі мазалап, денсаулығы сыр бере бастаған. Курс барысында ол өзінің құқықтарын біліп, алаяқтардан қорғану тәсілдерін үйренген.
«Жобаға қатысуымның нәтижесінде банктік есепшоттарымның бұғаттауы ашылып, екі несиенің атқарушы жазбалары бұзылды. Енді айлық жалақымды толық алуға қол жеткіздім, сондай-ақ қосымша кәсіппен айналысу мүмкіндіктерін қарастырудамын», – дейді Жанар Агибетова.
Айта кетейік, биыл елімізде «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыруға 9 коммерциялық банк пен 11 мемлекеттік орган қатысуда.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді