
Айта кетейік, білектілер бәсекесі КСРО-ның және елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы, облыстың құрметті азаматы Марат Жақыттың 80 жас мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
Жалпы, саналы ғұмырын ұлттық спорттың дамуына арнаған Марат Нұрмұхамбетұлы КСРО және Қазақстан құрамасын ұзақ жылдар бойы басқарған азамат. Өз кезегінде тәжірибелі маман еңбек сіңірген 2 спорт шеберін, халықаралық дәрежедегі 25 спорт шебері мен спорт шебері атағын иемденген 130 шәкірт тәрбиелеген. Айтулы жарыстың ашылу рәсіміне арнайы қатысқан еліміздің Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов соңғы жылдары республикамызда төл спортымыздың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, бұл чемпионаттың маңыздылығын атап өтті. Министр өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық спорт түрлерінің дамуына айрықша көңіл бөлетінін жеткізді.
– Ұлттық брендіміз – қазақ күресінің орны бөлек. Қазіргі таңда әлемнің 40-тан астам елінде қазақ күресі федерациялары жұмыс істейді. Төл күресіміз жабық ғимараттағы Азия ойындары мен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының бағдарламасына енді. Балуандарымыз Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында үздік нәтиже көрсетіп, 12 алтын, 1 күміс пен 2 қола медальді жеңіп алды. Спортшыларымыздың халықаралық додаларда топ жарып, ұлт абыройын асқақтатып жүргені біз үшін үлкен мақтаныш. Бүгінгі жарыста палуандармен қатар жас спортшыларымыз тәжірибесін жетілдіреді деген сенім мол. Бұл сайыс – салауатты әрі белсенді өмір салтын кеңінен насихаттап, өскелең ұрпақтың қазақ күресіне деген қызығушылығын арттыруы тиіс, – деді Ербол Қуантайұлы.
Атап өту керек, осынау жарыста ел палуандары 16 салмақ дәрежесінде өз бақтарын сынауда. Ал, 40-қа жуық спортшыларымыз өңір намысын қорғайды.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік тілдің мәртебесі маңызды
- Бүгін, 10:31
Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тарту – басты мәселе
- Бүгін, 10:24
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді