Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудитдепартаментінің 2023 жылдың 9 айына әкімшілік және сот тәжірибесінің нәтижелері
- author «Ақ жол»
- 11 қараша, 2024
- 176
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз кұзыреті шегінде Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 722-бабына сәйкес аудит материалдары, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдардан материалдары бойынша әкімшілік істерді қарап хаттамалар толтырады.
Сонымен, 207-бап бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейін (айлық есептік көрсеткіш), қайталанған жағдайда 200 АЕК;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін 238, 239-баптар бойынша жеке тұлғалар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғаларға 50, 100 АЕК мөлшерінде, қайталанған жағдайда 200 АЕК және 1000 АЕК дейін айыппұл салуға әкеп соғады.
– 250-бап бойынша міндетті аудит жүргізуден жалтарғаны үшін шағын 15 АЕК, орта – 20 АЕК, ірі – 200 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады;
Департаментпен Кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарау үшін әкімшілік істер сотқа жіберіледі, онда заңды талаптарды немесе нұсқамаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Айта кету керек, жоғарыда аталған құқықбұзушылықтар Кодекстің 810, 811-бабына сәйкес, қысқартылған тәртіпке қаралуы мүмкін, бұл норма 7 (жеті) тәулік ішінде айыппұл сомасын аталған санкциясының 50% (елу пайызы) мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын белгілейді. Мұндай құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда Әкімшілік құқықбұзушылық іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады, яғни департаментпен Кодексте көрсетілген айыппұлдың толық сомасына қаулы шығарылады.
2024 жылдың есептік кезеңінде департаментте барлығы 602 әкімшілік хаттамалар тіркеліп, оның ішінде: 457 материал қаралып әкімшілік айыппұлдар салынған, 145 материал сотқа берілген.
Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 66,4 миллион теңгеге айыппұл салынып, 66,0 миллион теңгесі өндірілді, өндірілген пайызы 99,4 пайызды құрайды, қалған 396,8 мың теңгесінің төлем уақыты бар.
Департаментпен аудиторлық іс-шаралар қорытындысымен 2 талап-арыз беріліп, 1-і ішінара қанағаттандырылған,1-і қаралуда.
Департаментке берілген талап арыз – 6 құрады, оның 4-і қанағаттандырылды, 3-і қанағаттандырудан бас тартылды, 1-і шақыртып алынған,1-і кері қайтарылған.
Сонымен қатар, департаментпен Кодекстің 239 және 250-баптарына сәйкес қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдарға (бұдан әрі – ОПИ) шара қолдану бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 09.09.2024 жылғы №KВ/7804-И хатына сәйкес, депозитарий – «Ақпараттық-есептік орталық» Акционерлік Қоғамының ақпаратына сәйкес, қоғам мүддесін қорғайтын ұйым – ОПИ Қаржылық есептілік депозитарийіне (бұдан әрі – депозитарий) 2023 жылға арналған жылдық қаржылық есептілікті және оған аудиторлық есепті заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынбағаны анықталды.
Соған орай, 2024 жылға «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-ның ұсынған 18-ОПИ-дің (ҚЕ), 239-бап. қаржылық есептілікті ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау бойынша әкімшілік жауапкершілікке 6 – ОПИ тартылып, 3 138 200 теңгеге айыппұл салынды, оның 2 584 400 теңгесі өндіріліп, қалған 553 800 теңгенің төлем уақыты бар.
Айта кетерлік жайт, 2 ОПИ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарын бірнеше рет бұзған және сәйкесінше Кодекстің 239-бабының 2-бөлігімен тартылған.
Департаментпен қалған заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 790-бабына сәйкес мәжбүрлеу шаралары қолданылды.
Қазіргі уақытта департамент қызметкерлерінің басым бөлігі іссапарда жүргендіктен, олардың іссапардан келген уақытта қосымша техникалық сабақ жүргізу қажеттігін айтып өтті.
Сонымен қатар, департамент қызметкерлеріне аталған хатта көрсетілген нұсқаулықты жұмыста пайдалану үшін бөлім басшыларына электронды түрде жолданып, нұсқаулықтағы талаптарын сақтап, тиісті деңгейде жұмыс істеу туралы түсіндірілді.
Департаментпен кәсіпорын басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңнама нормалары мен талаптардың қатаң сақталуы түсіндірілді.
Сондай-ақ, алдағы уақытта құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында кәсіпорындарға құқықбұзушылықты уақтылы түзету және техникалық оқу жүргізу қажеттілігі туралы ұсынылды.
Рахымжан ДИЛЬДАЕВ,
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді