Солардың бірі – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті Сағи Арыстанбек. Жас ғалым бұған дейін медициналық колледжде білім алып, кейін университетке биология пәнін таңдап оқуға түскен. Өз бетінше әртүрлі тәжірибелер жасаумен айналысады. Айтуынша, ғылымға қызығушылығы бала кезінен басталыпты. Бос уақытында әлеуметтік желілерден бейнематериалдар қарап, тың ақпараттар іздегенді ұнатады екен. Қолымда тек лабораториялық реквизиттер болса болғаны, тәжірибе жұмыстарын жүргізе беремін дейді. Көптің қызығушылығын тудырған табиғи өнімге бүгінгі күні сұраныс жоғары. Әңгімелесу барысында Сағи бізге өз зертханасынан шыққан сабынның құрамы жайлы айтып берді.
«Ең маңыздысы – қоспалардың орнын ауыстырып алмау. Әуелі өсімдік майы, NaOH, зәйтүн майы мен соданы араластырып, жоғары темперетурада ерітеміз. Сабынның суығанын күтіп, оны белгілі бір формаға салып аламыз. Егер ерітіндіні құятын форма болмаса, полиэтиленді сүттің сыртына құюға да әбден болады», – дейді ол.
Сондай-ақ, тараздық кәсіпкер бет терісін нәрлендіруге арналған жақпа май мен қара сабын жасайды. Дегенмен, қара сабынның жасалу жолы оңай болып шықпаған. Өйткені, үлкен кәсіпорындардың өзі мұндайды аз-аздан өндіреді-мыс. Бірінші алабота өсімдігін өртеп, күлін жинайды. Сосын оны қапқа немесе қалтаға салады. Артынша одан біршама сақар шығады. Сақарды алып, су өткізбейтін жұмсақ материалға қояды. Үстіне ыстық су құйып, қайың және қарағай секілді ағаштармен бірге қайнатады. Осылайша қара сабын дайын болады.
Әсілінде, ғалым болу көптің қолынан келе бермейтін іс. Көздеген нысанаңа дөп тиердің алдында қаншама қиындықтар мен асулардан өтесің. Күнің мен түнің ауысып, ой үстінде жүресің. Қателескен сәттеріңде сағыңды сындырып, жігеріңді құм қылатын жандар да табылады. Сондайда қолыңды бір сілтеп, басқа бағытты таңдап кеткің келеді. Дейтұрғанмен, артыңа бұрылып қарасаң, осыған дейін өткен кедергілеріңді көресің. Осыдан кейін кәсібіңді қалай тоқтатасың? Сағи Арыстанбек те дәл осындай қызықты әрі күрделі жолда. Жас болса да ғылымға бет бұрып, талаптанып жүргенінің өзі нағыз патриоттарға тән ерлік. Сондықтан, жас өнертапқышқа сәттілік тілейміз!
Әсем АСЫЛБЕК,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті журналистика мамандығының 3-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді