–Салалық кәсіподақ ұлттық спорт түрін дамытуға бағытталған республикалық сайысты сапалық тұрғыдан одан әрі дамытып, дәстүрлі түрде өткізуді қолға алады. Ұлттық спорт жарысы – қазақ күресі, «Кәсіподақ барысы» жасай берсін, – деді өз сөзінде салалық кәсіподақ төрағасы.
Ал, өз кезегінде Жамбыл облысы спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Тәуірбек Қарауылтегі Әулиеата өңірі ел тарихында есімдері алтын әріппен жазылған талай тарландар туған қасиетті өлке екенін алға тартып, киелі мекенге келіп, «Кәсіподақ барысына» қатысудың өзі жеңіс саналатынын жеткізді.
Сонымен, бұл күні бозкілемдегі палуандар 90 килограмм салмаққа дейін және одан жоғары салмақ дәрежесінде өзара кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде 90 килограмм салмаққа дейін белдесуде Шу ауданындағы № 40 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бақдаулет Қазыбек үздік деп танылды.
Жүлделі ІІ орынды Атырау облысы, Қызыл қоға ауданындағы Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сағат Ғазимов иемденсе, үздік үштікті Қостанай облысындағы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының жаратылыстану және информатика факультетінің оқытушысы Нұрсұлтан Сәлімжанов түйіндеді. Сондай-ақ, 90 килограмнан жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрболат Айсағалиев қарсылас шақ келтірмеді.
Бұдан бөлек, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық мектептен тыс №1 аула клубының қазақ күресі мұғалімі Жанкелді Айтжан мен Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы «Қазан орта мектебінде» әлеуметтік ұстаз, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Батырбек Хамит ІІ және ІІІ орындарды бөлісті.
Жарыс жеңімпаздарына диплом, арнайы медальдар мен 500 мың теңгеге дейін қомақты қаржылай сыйақылар табыс етілді. Сонымен қатар, сайыстың тартысты өтуіне атсалысып, белсенділік танытқан палуандар салалық кәсіподақтың Алғыс хаттары мен ынталандыру (50 мың теңге) сыйақысына ие болды.
Турнир соңында салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева қатысушыларды жарқын жеңістерімен құттықтап, жарысты өткізуге атсалысқан төрешілерге, спортшылар мен оларды баптаған жаттықтырушыларға алғысын жеткізді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...
- 23 қараша, 2024
Спорт кешені пайдалануға берілді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді