Бұл дерек Жамбыл, Жуалы, Қордай, Т. Рысқұлов, Талас, Сарысу, Шу аудандары және Тараз қаласында жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойынша анықталып отыр. Ол туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен «Өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғалуы мен сақталуы бойынша көрсеткіштер» тақырыбындағы баспасөз конференциясында облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» мемлекеттік мекемесінің директоры Қуаныш Дәурембеков айтты.
Мекеме басшысының айтуынша, салада атқарылған біршама ауқымды істер бар. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ 2024 жылға арналған жылдық жоспарға сәйкес, 1-ші жартыжылдықта бірқатар жұмыстарды сәтті жүзеге асырған. Оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтіп, облыс көлемінде орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала есепке алу тізімі бекітілген.
Өңіріміздің Тараз қаласы, Қордай, Талас, Мойынқұм, Меркі, Жуалы аудандарында жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы қаралыпты. Үш жеке тұлғаның тұрған үйлеріне мемориалдық тақта орнатуға келісім берілген.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №79 бұйрығына сәйкес, облыс көлемінде орналасқан он ауданға (әр ауданға он данадан) 175 қорғау тақтайшасы орнатылыпты.
Еліміздің Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты және «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясымен» жасалған екіжақты меморандум негізінде атқарылған жұмыстар да ауқымды. Атап айтқанда, аталған институт «Қазақстан тарихындағы ғұн-сармат дәуірі: пәнаралық зерттеу, талдау және қайта құру» ғылыми жобасына сәйкес Талас алқабындағы ғұнсармат дәуірінің ескерткіштеріне қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстары Байзақ ауданы, Ақжар ауылының батысында орналасқан Жайлаутөбе қалашығына (I-V ғасырлар) және Ақжар 1 обалар қорымына ғылыми археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген.
«Теріс-Аса алқаптарындағы қаңлы және түркі кезеңдерінің қоныстары мен қалалары (б.з.д ІІІ ғ. – б.з ХІІ ғ.)» тақырыбында Жамбыл ауданы Қаракемер ауылында ортағасырлық Қаракемер қалашығында ғылыми археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.
Сарысу ауданында тарих ғылымдарының докторы, академик Жәкен Таймағанбетовтың жетекшілігімен халықаралық бірлескен археологиялық экспедиция алғашқы адамдардың тұрағы «Ақтоғай» үңгірінде ғылыми-зерттеу (археологиялық) жұмыстарын жүргізуде. Экспедиция құрамында Қ.Р Ұлттық музейі, Назарбаев университеті, АҚШ-тың Нью-Йорк университеті және басқа да ғалымдар бар. Талас ауданында Қаратау қаласында орналасқан Ортағасырлық Тамды қалашығына (VI-XII ғасырлар) археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Қалашықтың қорғаныс жүйесіне және кең көлемді бөлмеге қазба салынуда.
Ғылымизерттеу жұмыстарын «Ғылыми эксперименттік тәжірибелік археология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Қарасай петроглифтері Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылынан оңтүстікшығысқа қарай 5,7 шақырым жерде Ботамойнақ тауының Қарасай шатқалында орналасқан. Қарасай петроглифтерін ашық аспан астындағы музейге бейімдеу және ғылыми зерттеу жұмыстары толығымен аяқталды. Ғылыми жұмысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жүргізуде. Облыс көлемінде жүргізілген археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарына «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-нің қызметкерлері тұрақты түрде қатысып келеді.
Биыл мамыр айында «Жамбыл өлкесінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін: ашаршылық ақиқатын ашу – ұрпақ парызы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылған. Конференцияға облыстың зиялы қауым өкілдері мен Саяси қуғынсүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жобалық офисі, «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» Мемлекеттік тарихимәдени музей қорығы, Қазақстан Республикасы Президенті және «Орталық мемлекеттік архиві», Түркістан облысының мемлекеттік архиві, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор, доценттері қатысқан.
Бүгінгі таңда мекеме тарапынан «Қазақ хандығы» монументі, «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы, «Біз біргеміз» монументі, «Анаға тағзым», мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, Сеңкібай батыр, жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртаза ескерткіштерінің орнатылуына ықпал жасалыпты.
Жиын соңында Қуаныш Кәрібайұлы БАҚ өкілдерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Халық қаһарманына арналған ән
- 28 қараша, 2024
Термешілерге құрмет неге төмендеп кетті?
- 28 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді