Жас аналар мен балалардың өмірі үшін тынбай еңбек етіп жүрген ақ халатты жандардың бірі – осы Қарлыға Елеусізқызы. Ауданға қарасты Мойынқұм ауылында 1977 жылы дүниеге келіп, осы жақта 11 жылдық мектепті тәмамдаған. 1998-2005 жылдары аралығында Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясынан білім алады. Акушер-гинеколог мамандығы бойынша білімін жалғастырған ол 2005 жылы Мойынқұм аудандық ауруханасында қызмет етеді. Мойынқұм ауданының орталығында еңбек етудің өзіндік қиыншылықтарымен бірге артықшылықтары болады.
Жұмыстың практикалық қырына үйрететін тәлімгердің болмауы қиындық тудырса да, бір жағынан ешкімге сенбей жауапкершілікпен қызмет етіп, үнемі ізденіс үстінде болу қызметте тәжірибе жинауға септігін тигізеді.
2010 жылы аудандық перзентхана бөлімінің меңгерушісі болса, 2012 жылдан бастап перзентхананың акушергинекологы қызметін атқарып келеді. Ана атанып, дені сау баланы өмірге әкелу – әр әйел затының арманы. Алдына келген әрбір қыз-келіншекке жанашырлықпен қарап, жағдайын түсініп, сауатты ем-шара жасау міндетін тыңғылықты атқарған Қарлыға Садырбаева көптеген келіншектерге денсаулығын сақтап ана бақытын сезініп, сәби құшуына себепкер болды.
– Дәрігер мамандығы кез келген жанның таңдауына түсе бермес, жоғары жауапкершілікті қажет ететін мамандықтардың бірі деп білемін. Себебі, қызметіміз адам денсаулығымен тығыз байланысты болған соң, үлкен тиянақтылықты талап етеді. Денсаулық сақтау саласы сауатты жұмыс атқарса халықтың басты байлығы сарқылмасы анық. Берілген марапат маған жүктелген сенім деп білемін, сондықтан қызметімді білімім мен тәжірибемді арттыра отырып, одан ары дамыта түсемін, – дейді марапат иесі.
Олай болса, міндеті зор жауапты қызметті мінсіз атқарып, ана мен бала денсаулығы үшін уақытпен санаспай қызмет етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың мәртебесі биік болып, халықтың алғысын ала берсін дейміз.
Қуаныш ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ
журналист
Мойынқұм ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Қан қысымының көтерілуі неден пайда болады?
- 26 қараша, 2024
Дәрі тапшылығының алдын алу маңызды
- 26 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді