Әйтсе де, уақытында еуропалықтар қызығушылық танытқан қазақ тілінің бір кездері қадірі қашып, басына бұлт үйірілгені өтірік емес. Осылайша, орыс ғалымы Василий Радлов, шығыстанушы Платон Мелиоранский мен поляк жазушысы Адольф Янушкевичкийдің таңданысын тудырған ұлттық тілімізге үлкен қамқорлық жасау қажеттігі туындады.
Ұлт пен тілдің қасиетін шын түсінбей, оған жеңіл қарайтын кейбір саясаткерлер мемлекеттік тілдің түйінін тарқатуға немқұрайлылық танытқанда өнер адамдары ортаға шығары сөзсіз. Мәселен, авардың халық ақыны Расул Ғамзатов «Ана тілі» атты туындысында: «Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ», – деп өз ұлтына жан-тәнімен берілгенін айшықтай түсті. «Менің жұлдызым – авар тілі», – деген әйгілі ақын: «Ат төбеліндей халқымның тілін жұтаң дейтіндер айта берсін. Мен өз ана тіліммен біргe өмip cүpyгe тиіспін. Жан-дүниемнің күллі құдіретін ғаламға жеткізу үшін маған басқа тіл қажет емес», – деп кесіп айтты. Ал, жерлесіміз, композитор Әбиірбек Тінәлі небәрі 18 жасында «Анамның тілі – аяулы үні» атты ән жазды.
Жалпы, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов пен Ілияс Жансүгіровтің көркем әрі бай қазақ тілінде сөйлеуді мақсат еткен сазгер ана тілімізге арнап екі ән жазған. Мәселен, Әбдірахман Асылбек сөзін жазған «Ана тілін білмеймін» өлеңі тіл білмейтін, орыс болып кеткен қазақтарға арналған еді. Ал, тұңғыш туындысы «Анамның тілі – аяулы үні» әні белгілі сатирик Шона Смаханұлының қоңыр мұқабалы кітабын қолына алғанда туған екен.
– Кітаптың алғашқы беті лирикалық өлеңдерге арналған. «Анамның тілі – айбыным менің, Анамның тілі – ай-күнім менің!» деген сөз жүрегі тілім, елім, жерім деп соғатын жанның аузынан шықса керек. Ұлтының жанашыры, қазақ халқының ұлттық болмысбітімін, оның ана тілінің сақталып қалуына жан аямай күрескен Шона ағамыздың өлеңдерінен халқына деген сүйіспеншілік байқалған. Сол өлеңді оқыған кезден-ақ ән ырғақтары менің ойыма сап етіп түсе бастады. Қолыма гитараны алып, шырқадым. «Анамның тілі – аяулы үні» өлеңі осылай туды, – дейді автор. Алайда, ана тіліміздің жоғын жоқтаған бұл ән сегіз жыл бойы авторсыз жетімсіреп қалған еді. Көпшілік әннің авторы деп бірде Ескендір Хасанғалиевті, Шәмші Қалдаяқовты, Мыңжасар Маңғытаевты, Әсет Бейсеуовті атаса, енді бір тарап Нұрғиса Тілендиевтікі деді.
Сондай сәттердің бірінде Шона ағасына сәлем бере барған Әбиірбек Тінәлі бұл ән өзінің төл туындысы екенін айтады. Ол кезде «Қазақстан пионері» газетінің ұжымы ән авторын іздеу салған шақ. Сатирик ағасымен қимай қоштасқан композитор авторлық құқықты қорғайтын мекемеге барып, өзінің ән иесі екенін бекітіп, мөрді бастыртады.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді