Заңнама сервитуттың екі түрін анықтайды жеке және жария. Құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге сервитуттар және үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар жатады.
Сервитутты тіркеу кезінде олардың негізінде сервитут пайда болған құжаттарға осындай сервитутты ұсынатын тұлға куәландырған сервитуттың қолданылу аясының шекарасын көрсете отырып, жер учаскесінің жоспары қоса беріледі. Егер сервитут бүкіл жер учаскесіне қатысты болса, жер учаскесінің жоспарын ұсыну талап етілмейді.
Сервитут мәмілелердің, оның ішінде сатып алу-сату мен кепілдің дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа адамдарға сервитут белгіленген құқықпен бірге ғана ауыса алады.Мемлекеттік сервитуттар құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын басым мүдделер болыпта былады.
Жария сервитуттар, егер бұл мемлекеттің және жергілікті халықтың мүдделерін немесе пайдалы қазбаларға барлау жүргізу немесе геологиялық зерделеу мақсаттарын қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандықмаңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың әкімдерінің шешімдері негізінде жер учаскелерін алыпқоймай, белгіленуі мүмкін, ауылдық округтердің жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде (ЖК 69-бабының4-тармағы).
Бұл ретте ЖК75-бабының 3-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актілер негізінде туындайтын сервитуттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамалық актісіне сәйкес тіркеу объектілері болып табылмайтын өзге де сервитуттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
Д. Султанбеков,
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
бас маманы
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді