Бұл қасиеттер қай мемлекеттің болмасын қоғамы мен қоршаған ортасының басты тұғыры саналады. Осы тұрғыда біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын түбегейлі жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы өзгертуге арналған жұмыстар ауқымды бағытта жүргізіліп келеді.
Қазіргі таңда Қазақстан жемқорлықпен күрес бойынша жаһандық халықаралық актілерге қосылған. Бұрынғы жылдарға қарағанда бұл жағынан біздің елде алға жылжу байқалады. Оған Президенттің тапсырмасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан батыл қадамдардың нәтижесі себеп болды деуге болады. Мәселен, бүгінде 1 триллион теңгеден асатын заңсыз активтер мемлекетке қайтарылды, жалпы декларация мәселесі шешіліп жатыр, заңсыз алынған 10 миллион гектардай жер мемлекетке қайтарылды.
Халықтың да жемқорлыққа қарсы белсенділігі артуда. Осы ретте біздің аймағымыздың да жұртшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін меңгеріп келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің жанынан құрылған спикерлер пулы, белсенді жастарволонтерлер қозғалысы, «Адал қоғам» мен «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, заңдарды түсіндіруге, адалдық, парасаттылық қағидаларын дәріптеу, насихаттау, азаматтардың, әсіресе жастардың құқықтарын қорғау бойынша ақпараттық-сауаттылық жұмыстарына тартылуда.
Бүгінде облыстың білім, медицина және спорт салаларындағы тәуекелдер зерделеніп, талданды. Бұл бағыттарда «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының атқарып жатқан нәтижелі жұмыстарын ерекше атап өткен жөн.
«Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқықтық органдарға деген сенімділігін арттыру» жобасында жүйелі түрде жұмыс істеп келе жатқан Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – заман талабы» тақырыбымен аталған қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиевпен кездесу ұйымдастырды. К
ездесуді институт ректоры, педагогика ғылымдарының докторы Махметғали Сарыбеков жүргізіп отырды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Айбек Ажибаев, «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасының профессор-ассистенті Халилжан Сулейманов, сондай-ақ, Орынқыз Жолдасова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті жанындағы спикерлер пулының мүшелері, оқытушы-профессор ғалымдар мен озық ойлы озат білімгерлер қатысқан басқосу қоғамдағы өзекті проблемаларды қозғады.
Көрнекті Мемлекет қайраткері Оралбай Әбдікәрімұлының бастамасымен 2013 жылдың желтоқсан айында құрылған «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларын қолдау, жұртшылықты жемқорлыққа қарсы шоғырландыру және лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлық пен қызметтік жағдайын теріс пайдалану жағдайларын анықтауға жәрдемдесу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, қоғамдық бақылау құрылымдарын құру мақсатында үздіксіз жұмыс істеп келе жатқанын айтқан Қасымхан Төлендиев әуелі ісшараны ұйымдастырушыларға шексіз ризашылығын білдірді.
– Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті іс жүзінде тек уәкілетті органдар ғана жүргізіп жатады. Ал басқа мемлекеттік органдардың жемқорлыққа қарсы әрекеттері осал, кейбіреуінікі тіпті байқалмайды. Қайта көзіқарақты, көкірегі ояу қоғам мүшелері, қарапайым азаматтарымыз жалпыұлттық күресте соңғы жылдары белсенділік таныта бастады. Себебі, ар мен ұяттың құнын түсінетін адамда жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық ұстаным қалыптасады. Сіздермен кездесудегі мақсат – жас ұрпақтың санасында тәрбиемен бірге жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілікті қалыптастыру. Қазір елдегі тоқсаннан астам университетте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты пән жүргізіледі. Былтырғы оқу жылында оны 78 мыңға жуық студент оқып шыққан деген мәлімет бар. Мұндағы негізгі міндет – өскелең ұрпақтың бойында жат әдетке қатысты иммунитетті, жастардың бойында адалдық пен парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру. Жастардың санасына жемқорлықтың қоғамға зиян екенін, өз болашағына балта шабу, еліміздің дамуына тұсау салып, ұрпағымыздың жолын жабу екенін сіңіріп өсіруге көңіл бөлгеніміз дұрыс. Бұл үшін студенттердің «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының рөлі маңызды», – деді Қасымхан Естемесұлы.
Сондай-ақ, аталған тақырып бойынша студенттер дайындаған видеороликтер көрсетіліп, еркін микрофон арқылы жиынға қатысушылар мен спикерлер арасында диалог орнап, сұрақ-жауаптар алмасты. «Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты сурет көрмесі және институттың «Ақпараттықкітапханалық орталығының» заң аясындағы кітаптарының көрмесі назарға ұсынылды. Кездесу соңында бұл жұмысты ары қарай бірлесе жандандыру мақсатында өзара меморандумға қол қойылды.
Үміт БИТЕНОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді