Ғасырдан астам уақыт бойы жасап келе жатқан басылым мемлекет пен қоғам арасын байланыстырған алтын көпір ғана болып қойған жоқ, оқырманның да сүйікті басылымы бола білді. 105 жыл дегенің айтуға ғана оңай болғанымен, оның облыс жұртшылығымен бірге жүріп өткен жолы ұзақ.
Газет журналистерінің тынымсыз еңбегінің нәтижесінде облыс өміріндегі әрбір маңызды оқиға қоғам назарынан тыс қалмай жедел әрі шынайы түрде жарияланды. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз оқырмандарға жан-жақты ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар, өз аймағымен, оның халқымен және олардың жетістіктерімен мақтануға мүмкіндік береді. Сіздердің жұмыстарыңыз қоғамдағы бірлік пен түсіністікті нығайтуға көмектеседі.
Бүгінгі таңда облыстық «Знамя труда» газеті өз дәстүрін сақтаған, сонымен бірге уақыт талабына белсенді түрде бейімделе отырып, негізгі ақпарат көздерінің бірі болып қала береді. Газет ұжымына алдағы уақытта да шығармашылық табыс, зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін!
Құрметпен, облыс әкімі Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




