«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Заман көшіндегі көмекшілер

Заман көшіндегі көмекшілер
Ашық дереккөз
Жасанды интеллект дамыған уақыттан бері ғылымда таңғажайып оқиғалар орын алуда. Мәселен, дамыған елдердегі бизнес, білім беру, денсаулық сақтау тәрізді салалардың жұмысы роботтарсыз жүрмейді. Бұл технологиялар тиімділікті арттырумен қатар, адам өмірінің сапасын да жақсартуда.

Compressorhead – музыкалық аспаптарда ойнайтын рок тобы. Бұлардың ерекшелігі кәдімгі адамдар секілді қозғалыс жасап, ән айтады. Топ 6 роботтан құралған. Олар: Stickboy – барабаншының қызметін атқарушы. Оның 4 қолы, педальдарды басуға арналған 2 аяғы бар. Барабаншының көмекшісі–кіші Stickboy. Fingers – 78 саусағы арқылы гитарада ойнайды. Ал, Bones сахнада билейді. Hellgа Tarr – әйел бейнесіндегі гитарист.

Mega-Wattson – жалғыз әнші. Өзінің жылжыма лы тістерінің арқасында басын әртүрлі бағытқа бұра алады. Әлеуметтік желіден түрлі рецептер қарап, тағам дайындайтын аспаз-роботтың аты – Moley. Ол сіз берген тапсырмалардың барлығын орындайды, тек қалай жасайтынын көрсетсеңіз болғаны. Құрылғының ішінде азық-түлік салатын қойма мен тоңазытқыш орналасқан. Сондай[1]ақ, ас үй ішіндегі қауіпсіздікті жіті бақылайды. Зерттеу бойынша адамдардың ең көп ішетін теңіз сорпасын 30 минутта дайындайды екен.

Дамыған елдерде жеткізу жұмыстарымен адамдар айналыспайды. Мәселен, JD-робот[1]курьер – Қытай ғалымдарының ең үздік өнертабыстарының бірі. Роботта 22 зат салатын жәшік бар. Тапсырыс қабылдайтын кезде ұялы телефоныңызға хабарлама келеді. Сол кодты экран бетіне теру арқылы тапсырысыңызды аласыз немесе бетіңізді сканерден өткізесіз. Furhad әлеуметтік роботы – ересек адамдарға психологиялық көмек көрсету үшін құрастырылған.

Біз  коммуникация кезінде өз ойымызды анық жеткізе алмауымыз мүмкін. Бұл робот міне з-құлқымызды, сөйлеу мәнерімізді жөндеуге септігін тигізеді. Қысқасын айтқанда, пайдаланушыны күйзелістен қорғайды. Тыңдау, сөйлеуден бөлек, көз байланысын сақтау қабілеті жетілдірілген. Әйелдің, баланың және жануардың кейпіне оңай ене алады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың сенімді серігіне айналған Asimo роботы сусын ұсынуға, бөтелкелерді ашуға, зат тасуға, қол беріп амандасуға шебер. Сырт келбетіне келер болсақ, үстіне ақ костюм, басына дулыға кигізілген. Салмағы шамамен 50 келі.

 

Әсем АСЫЛБЕК,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті журналистика мамандығының 3-курс студенті.

Ұқсас жаңалықтар