Аталған кәсіпорын алдағы уақытта құс шаруашылығына тың серпін беретін болады.
– Кез келген мемлекеттің әлеуеті артуы үшін ең бірінші өндіріс өркендеуі қажет. Сондай-ақ, экономикалық өсімді тұрақты қамтамасыз ету үшін де жаңа өндіріс орындарын ашып, экономиканың нақты секторына инвестиция тартуымыз керек. Бұл – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Мемлекеттің жан-жақты қолдауының нәтижесінде, облыс орталығы – Тараз қаласы да инвестиция игілігін сезініп келеді. Бүгінде осы бағытта қаламызда құны 35 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жобалар іске асырылғанда 944 жаңа жұмыс орындары ашылады деп көзделуде. Сонымен қатар, құны 48 миллиард теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша арнайы келіссөздер жүргізілуде. Осы ретте, бүгін өз жұмысын бастаған «Алель Агро» акционерлік қоғамының облыстық филиалы қаламыздағы кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтіп, дамудың жаңа белесіне бастайды деген сенімдемін, – дейді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков.
Жылына 38 миллионға жуық балапан шығаруға әлеуеті жететін өндіріс орны 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Құны 2 миллиард 689 миллион теңгені құрайтын өндірістік инкубатор заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ, инкубаторға қажет шикізаттар компанияның өз өндірісі арқылы жүзеге асырылады. Ал, өнімдерді негізгі өткізу көздері – «Алель Агро» АҚ-ның меншігіндегі құс фабрикалары мен фермерлік қожалықтары.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді