«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ғарышқа кетіп, ғайыпқа айналған

Ғарышқа кетіп, ғайыпқа айналған
Ашық дереккөз
Бала күнімізде ғарышқа ұшуды жиі армандайтынбыз. Әсіресе, ғарышкердің қандай тағам жейтіні, әрбір әрекеті қызық еді. Скафандрмен суретке түсу тіпті бөлек әңгіме болатын. Дей тұрғанмен, барлық космонавтың өмірі біз ойлағандай қызықты бола бермейді.

1967 жылы 24 сәуірде Владимир Комаров аспан әлеміне эксперименттер жасау үшін ғарышқа ұшқан. Діттеген мақсатын орындап, жерге қайтып бара жатқанда парашюты толық ашылмай қалып қаза тапты. Бұл оқиға сол кездегі қауіпсіздік шарасының әлі де жетілмегенінің дәлеліне айналды.

Георгий Добровольский 1971 жылы Союз-11 миссиясы арқылы ғарышқа технологиялық тестілеу жасады. Жоспар бойынша космостың адам психологиясына, дене мүшелеріне әсерін анықтады. Миссиясы сәтті аяқталғанмен жерге қону кезінде кабинада ауа қысымы төмендеп, дем жетпей мерт болды.

Игорь Михайлович Григорьев 1971 жылы Георгий Добровольский, Виктор Пацайцевпен бір командада болған. Онда шамамен үш аптадай зерттеу жүргізген. Олардың өліміне ауа жетіспеушілігінен бөлек, гермитизация мәселесі де ықпал етті. Үш адамның бірдей қайтыс болуы тарих беттерінде ең қайғылы оқиға ретінде қалды.

Лорел Кларк 2003 жылы Колумбия шаттлының апатында бақилық болды. Кларк дәрігер әрі ғарышкер ретінде тың ғылыми жаңалықтар ашқысы келді. Алайда, миссия соңында техникалық ақаулар шықты. Кемедегі 7 экипаж мүшесіне ауыр зақым келіп, миссия қайғылы оқиғамен аяқталды.

Гус Гриссом 1967 жылдың 27 қаңтарында сынақ кезінде өмірімен қош айтысты. Ғарыш кемесінде Гриссомнан бөлек Томас Келли, Эфвард Уайт сынды астронавтар болған. Кемеден кенеттен өрт шығып, сөндіріп үлгермеген екен. Аталмыш трагедия NASA-ның қауіпсіздік жұмыстарын күшейтуіне себепкер болды.

 

Әсем АСЫЛБЕК,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті журналистика мамандығының 3-курс студенті.

Ұқсас жаңалықтар