
Осы орайда облыс әкімдігінің дін істері басқармасы аймақтағы білім ошақтарының жауапты мамандарынмен діни экстремизм қаупінің сейілуіне сеп болатын семинар өткізді. Іс-шараны дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев ашып берді. 200-ден аса директор орынбасарларын оқытуға арналған бұл жобаға республикалық деңгейдегі мамандар арнайы шақырылды. Негізгі дәріскердің бірі ретінде Астана қаласынан Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышхан өз біліктілігі мен зерттеушілік көзқарастарымен бөлісті. Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР ҰҚК академиясының аға оқытушысы Лолахон Махмеджанова біраз нұсқаулар көрсетті. Ал, бала психикасының саулығы және деструктивті діни идеяның бала санасына әсері туралы облыс әкімдігі Психологиялық көмек көрсету орталығының басшысы Ришат Райф кеңінен дәріс оқыды.
Семинарда тек дәстүрлі негізде дәрістер ғана оқылмай, тимбилдингтік бағытта да жұмыстар атқарылды. үш залға 60-70-тен бөлініп отырғызылған педагогтерге лекторлар кезекпен кіріп сабақ өтті. Семинарға келген мектеп мамандарының ешқайсысы назардан тыс қалмады. Өңіріміздегі мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге тиімді асыру да мұғалімдерді назардан тыс қалдырмау маңызды. Осы орайда дін істері басқармасы білім беру жүйесіне үздіксіз, әртүрлі деңгейде әдістемелік көмек көрсетіп келеді.
Мерей БАЕТ,
журналист
Ұқсас жаңалықтар
Жайлы мектеп ауыл мен қала мектептеріндегі алшақтықты жояды
- 6 наурыз, 2025
Білім саласына жаңа бетбұрыс
- 1 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді