Кітапхананың бөлім меңгерушісі Гүлжазира Дунесова жазушының еңбек жолдарын қысқаша баяндап берді.
– Мақұлбек Рысдәулет Жуалы жерінде дүниеге келіп, журналист боламын деген асқақ арманмен қанаттанып, Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік университетіне оқуға түссе, одан кейін сол кездері жаңадан құрылған Жезқазған облысында еңбек жолын «Жезқазған туы» газетінде бастап, тоқсаныншы жылдары туған жерге туын тігіп, журналистиканың үлкен мектебінен өтті. «Халық кеңесі», «Заң», «Егемен Қазақстан» басылымдарының меншікті тілшісі, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып табысты еңбек етті. Қолыңдағы қаруы – қайсар қаламымен елдегі өзекті мәселелерді ортаға сала жүріп, түйіннің шешілуіне талай рет ықпал жасады. Облыстық архивтің басшысы кезінде өлке тарихын қаузап, дәйекті архив құжаттары мен небір тың деректерді елге ұсынды. Ол 15 кітаптың авторы. Жазушының досы әрі әріптесі, филология ғылымының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ: «Мақұлбек замандасымның еңбексүйгіштігі, әр іске зор жауапкершілікпен қарайтыны, қарапайымдылығы, әр сәтте әділін бетке айтатын турашылдығы, кісілігі мен кішілігі өзінен кейінгі ұрпаққа үлгі, өшпес өнеге екендігін айрықша атап өткеніміз жөн. Бір ғана «Жұлдызды өмір» кітабын оқып шыққанда туған жердің атпал азаматтарының ерен еңбегінің өмір талқысымен бірлікті шебер суреттегенін сезінгенде жазушы досымның бар ниеті мен қалам қарымы, жазушылық шабыты туған жерге қызмет етуге арналғандығын ұғындық. Туған ел мерейі, бәлкім осындай алғаусыз жүрек жылуымен, ыстық ілтипатымен асқақтай түсетін болар», – деп қаламгерге өз бағасын берді.
«Тараз қаласының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрхат Серікбаев қаламгердің бір қыры – архив деректерін сөйлете білуі. Бұл туралы Мақұлбек ағамыздың өзі: «Тарихи шындыққа тек мұрағат құжаттары арқылы көз жеткізуге болады» деген сөзін дамыта отырып, шаң басқан деректерді жарыққа шығарып, халықтың игілігіне айналдырған орасан зор еңбектерін атап өтті.
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі А.Мақашев та жазушының мұрағаттағы елеулі еңбектеріне тоқтала келіп: «Қазақстан тарихы» энциклопедиялық анықтамалығында (Алматы, 2010) соғыстағы ерліктері үшін 499 қазақстандық (94-і қазақ) Кеңес Одағының Батыры атағын алғаны көрсетілген. Осы ең жоғары жауынгерлік мемлекеттік марапатқа ие болғандардың 16-сы жерлестерімз екендігі айтылып келеді. Ал аталған кітапта Мақұлбек Рысдәулет мұрағат деректеріндегі бұлтартпас деректерге сүйенуі арқылы, олардың саны сегіз жауынгермен толығып, жиырма төртке жеткен. Әрі бұрыннан есімдері таныс батырлар ғана емес, жаңадан қосылғандардың өмірбаяндарына қатысты тың деректер, қызықты құжаттар келтіріледі», – деп сөзін қорытындылады.
Қонақжай кешінің соңында «Қаламгер қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының жақында ғана баспадан жарық көрген «Өрелі сөзді өрнектеген» атты ктабы көпшілікке таныстырылды.
Сауранбек ЖАМАЛБЕКОВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Тіл оқыту орталығы: Жалақы аз, штат бос, маман жоқ
- Бүгін, 03:24
Той мәдениетін көтеру көптің ісі
- Бүгін, 03:15
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді