«News bot» ресми дереккөздерден алынған жаңалықтарды тікелей сіздің телеграм чатыңызға жіберіп отырады. Сонымен қатар, өзіңізді қызықтыратын тақырыптарды реттеп алсаңыз да болады. Ыңғайлығы сол, белгілі бір ақпарат үшін уақытыңызды шығындап, сайттарға кіріп жүрмейсіз. Тұрақты түрде хабар тарататын боттан біле саласыз.
Достарыңызбен кездесіп, өзгеше көңіл көтерудің жолын іздесеңіз «Gamebot»-қа кіріңіз. Бұл бот чаттарыңызға ойын- сауық элементтерін біріктіре отыра ойын ойнауға мүмкіндік береді. Онда викториналық немесе сөзжұмбақ түріндегі ойындар қарастырылған.
Жұмыс кестесімен кездесулерді есте сақтау өте қиын. «Skeddybot» арқылы жиналыстар уақытын белгілеуге, іскерлік тізімдер жасауға болады. Керек десеңіз, ескертпе функциясы бар. Мәтін жазбаларды да қоса алатын қабілеттері жеткілікті.
«Votebot» деп аты айтып тұрғандай, шешім шығарудың күрделі сәттерінде осы құрал с ептігін тигізеді. Саяхат, отбасылық демалыс үшін я болмаса мейрамхана таңдау мақсатында дұрыс нұсқаға бағыттайтын тиімді бот. Сонымен бірге онлайн сауалнамалар мен сайлау режимдері орнатылған.
Жұмыс іздеу сіз үшін қолайсыз процесс болуы мүмкін. Ал, «Jobsbot» әртүрлі мәліметтерден алынған жұмыс тізімін чатыңызға ұсынады. Ботқа сіздің жұмыс беруші екеніңіз әлде іздеуші екеніңіз маңызды емес. Тек берілген тапсырмаларды орындап, сізге қолайлы жағдай жасайды.
Әсем АСЫЛБЕК,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті журналистика мамандығының 3-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




