– Биыл аймақта 4,5 мың гектарға картоп дақылы отырғызылып, 1,6 мың гектарға артты. Мәселен, картоп алқабы Байзақ ауданында 73,5, Жамбылда 181, Жуалыда 1585,5 гектарға жетсе, Қордай ауданында ол 2280,5 гектарға ұлғайған. Ал, Меркіде 42,7, Мойынқұмда 4, Т.Рысқұловта 366, Сарысуда 10, Таласта 25,5, ал Шу ауданында 8 гектарды құрап отыр. Бүгінгі күні 2,8 мың гектардан 60,4 мың тонна картоп жиналып, орташа өнімділігі 212,1 центнерді құрады. Ал, Жуалы ауданында 117 гектар алқаптан 2,9 мың тонна өнім жиналып, орташа өнімділігі 249,9 центнерден айналуда, – дейді Тұңғыш Тынысбекұлы.
Бүгінгі күні картоп қазуға кіріскен қожалықтың бірі – «Анар» шаруа қожалығы. Оның жетекшісі Жарасбек Молдақұлов осы дақылды 25 жылдан бері баптап, өсіріп келеді екен. Биылғы қожалықтың картоп алқабы көп болмаса да шығымы жақсы. Жалпы алаңы төрт жарым гектарға жуықтайтын алқапқа картоптың «Кроне» және «Бермина» тұқымдары отырғызылған. Павлодар облысынан осында жеткізіліп, жерсіндірілген асханалық картоп тұқымының ерекшелігі – дәмінде. Бұрынғы картоптардан өзгешелігі – сақталуы мен түсінің тауарлы болуы, яғни сырты жылтыр сарғыш келеді. Өткен жұмада жиын-терім жұмыстарына кіріскен шаруашылық басшылығы картоп алқабынан түсіп жатқан өнімнің жақсы екенін айтты. Бірақ, әлі әрбір гектардан жиналатын өнімнің орташа центнерін шығармағандықтан, нақты санды жариялай алмайтындығын да аңғартты.
– Картоп алқабы ауылдың бірнеше жерінде орналасқан. Оған арнайы сулы әрі құнарлы жерлер таңдап алынған. Жиын-терім науқанын енді ғана бастадық. Өнімділік жылдағыдан төмен болмайды деп үміттенеміз. Картоп алқабының күтіп-бапталуы да биыл ойдағыдай болды. Тұқымды орналастырғаннан бастап тиісті күтім жасау жұмыстары тұрақты жүргізіліп келді. Алқаптың уақтылы ылғалдандырылуы мен минералды тыңайтқыштың уақтылы беруіне көңіл тиісті деңгейде бөлінді. Өнімнің өзіміз ойлағандай жақсы болғанын картоп қазу жұмыстары кезінде көзіміз жетті. Гектарына шамамен орта есеппен екі жүз центнердің үстінде айналады деген болжам бар. Жаз бойы алқап басында отбасы мүшелерімен бірге тер төктік. Енді міне, бұйырғанын шашпай, төкпей жинап алып жатырмыз. Терімші әйелдердің дені көрші ауылдан. Оларға күндігіне еңбекақы төленеді, – дейді «Анар» шаруа қожалығының жетекшісі Жарасбек Молдақұлов.
Құрылғанына отыз жылға жуықтаған шаруашылық картоп баптаудан бөлек, егін және мал шаруашылығымен айналысады. Қорасында бордақылап отырған мүйізді ірі қара мен жылқы бар. Бұдан бөлек, бие байлап, қымыз өндірісін де қолға алған.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді