Өндіріс пен таратудағы жетекші елдер АҚШ пен Франция 160-тан астам атомдық қуат блогын пайдаланады. Атом энергиясы өндірісінің 77 пайызға жуығы осы екі елдің үлесіне тиеді. Бұдан өзге отызға тарта мемлекет аталған қуат көздерін тиімді пайда көзіне айналдыра білген.
Мамандардың мәліметінше, елімізде электр стансаларының 70 пайызы тозған, электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3 пайызға өсуде. Ал, электр энергиясын өндірудегі көмірдің үлесі 66 пайызды құрап отыр. Өз кезегінде көмірқышқыл газының 82 пайызы органикалық отынды жағу кезінде бөлінеді екен. Соның салдарынан елімізде жылына 400 тоннаға жуық уытты металл атмосфераға тарайды. Бұдан бөлек, елімізде электр энергиясын тұтыну көрсеткіші өткен жылы 112,9 миллиард кВт/сағат құраған. Болжам бойынша 2035 жылға қарай энергия тапшылығы 152,4 миллиард кВт/сағатты құрайды деп күтілуде. Сондай-ақ, қондырғылардың тозуы, экологиялық санкциялардың ұлғаюы энергия көздері өндірісінің төмендеуіне әкелетіні сөзсіз. Сол себепті кез келген мемлекет дамыған елдердің тізіміне енуі үшін электр энергиясынан тәуелсіз болуы шарт. Бұл – елдің даму факторларының бірі саналады.
Кәсіпкерлік саласындағы көп жылдық тәжірибем ешбір әкімшілік шаралар немесе импортқа, тарифтер бағаны тұрақтандыруға кепілдік бере алмайтындығын аңғартты. Бұл бағытта АЭС-тың Қазақстанда болуы отын импортына тәуелділікті жоюға мүмкіндік береді. Болашақта елімізге энергия өндіруші алпауыттардан саяси қысымға ұшырауымызға жол бермейді.
Керімқұл БЕГАЛИЕВ,
жеке кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты.
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Идеологиялық кеңестің алғашқы отырысы өтті
- 15 қазан, 2024
Әлеуметтік өзекті мәселелер талқыланды
- 15 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді