Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 25-ші бабында жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері көрсетілген.
Атап айтсақ, ауылшаруашылық, үй және жабайы жануарларды ұстайтын жеке және заңды тұлғалар жануарларды ң ветеринариялық ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсiрiлуiн және пайдаланылуын жүзеге асыруға;
Аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды тиісті талаптарға сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етуге;
Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарларына уақтылы вакцина ектіруге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге;
Жануарлар өлген, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық- санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға жануарларды сатқанда және сатып алғанда немесе орнын ауыстырғанда хабарлау және ілеспе құжаттары болуына;
Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге;
Ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге міндетті.
Қазақстан Ре спубликасы Әкімшілік Кодексінің 406-бабы бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан ветеринария саласында заңбұзушылықтар орын алған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылады.
Мал иелерінің назарына!
Ауырып тұрған және өлейін деп жатқан ма лды, с атуға арналған малды жеке аулада, мал дәрігері малды сояр алдында тексеріп қарамай, вакцина егілген, сондай-ақ сібір жарасына қарсы емдеу жүргізілген жануарларды екпеден кейін күнтізбелік 14 күн бойы, сондай-ақ емдік және профилактикалық мақсатта антибиотиктер қолданған жануарларды, туғанына күнтізбелік 14 күн толмаған жануарларды, клиникалық ауру жануарларды, дене температурасы төмен немесе жоғары және жұқпалы емес жануарларды союға тыйым салынады;
Лажсыз сойылған ауыл шаруашылығы жануарларын ішкі с ауда объектілерінде сатуға, ветеринариялық ілеспе құжатсыз (ветанықтама) тірі малды және ет, сүт, балық өнімдерін, шикізаттарын (тері, жүн, қауырсын) тасымалдауға, мал өлекселерін мал қорымынан тыс жерлерге тастауға, мал дәрігерінің рұқсатынсыз ауырған малды өз еркімен емдеуге, сібір жарасының көмінділері белгіленген аумаққа мал жаюға, азықтық шөп дайындауға тыйым салынады.
Сәкен ЖҰМАНҚҰЛ,
облыс әкімдігі ветеринария басқармасының эпизоотиялық іс- шараларды қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін сақтау
- 19 желтоқсан, 2024
Даңғазалық па, мақтангершілік пе?
- 19 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді