Жалғас Бекмұратұлының айтуынша, судағы оқиғалар көп жағдайда адамның кінәсінен, өзіне деген сенімділіктің, өз күштері мен мүмкіндіктерін аса бағалаудың, судағы жүріс-тұрыс ережелерін елемеудің, атап айтқанда, тыйым салынған және бейтаныс жерлерде шомылудың, масаң күйде болудың салдарынан болады. Бұл ретте жыл басынан бері 4 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды.
Спикер өз хабарламасында облыс әкімінің 2024 жылғы 31 мамырдағы №139 қаулысымен өңірдің су объектілерінде шомылуға рұқсат берілген 13 орын белгіленгенін атап өтті. Мәселен, Тараз қаласында екі, Жамбыл, Сарысу аудандарында біреуден, Жуалы, Қордай, Талас аудандарында екіден, ал Шу ауданында үш жағажай бар. Аталған 13 учаскеде 7 коммуналдық және 6 жеке жағажай орналасқан. 7 жағажайда су айдынының түбін тексеру және тазалау жұмыстары жүргізілген, сондай-ақ 12 құтқарушы жасақ оқытылған. Сондай-ақ, жаппай демалуға арналған демалыс орындарының иелерімен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық негізінде әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Тараз қаласының, Талас, Сарысу және Шу аудандарының аумағында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдеу үшін стационарлық және мобильді бекеттер қойылған. Департаменттің аппараты мен ауысымнан бос құтқару бөлімшелерінің қатысуымен күн сайын сағат түскі 13:00-ден кешкі 19:00-ге дейінгі уақыт аралығында шомылуға жабдықталмаған акваторияларда рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
– Биыл су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері үкіметтік және аумақтық деңгейде ведомствоаралық мемлекеттік комиссия мен облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысында қаралып, оның қорытындысы бойынша су айдындарында адам өлімінің алдын алуға бағытталған шаралар кешені әзірленді. Су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында кең ауқымды алдын алу шаралары ұйымдастырылып өткізілді. «Судағы қауіпсіздік» тақырыбы бойынша 38 баннер және 40 мың дана үгіт материалдары сатып алынды. Сондай-ақ, 496 ескерту және тыйым салу белгілері, 38 көрнекі стендтер орнатылды. 1 маусымнан бастап жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметі және волонтерлік ұйымдармен бірлескен 2540 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 52 мың үгіт өнімі таратылды. Халықтың, оның ішінде балалардың назарын аударуға бағытталған акциялар мен флэшмобтар өткізіліп, 46 әлеуметтік бейнеролик шығарылды. Шомылу маусымы басталғаннан бері демалу орындарында бірлескен рейдтер өткізу кезінде 1563 бұзушылық анықталды. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзған 723 адам, алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болған 768 адам жауапкершілікке тартылып, оларға 7 797 466 теңге айыппұл салынды. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамаған 72 адам 970 996 теңге айыппұл арқалады, – деді Ж.Абдуалиев.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Аймақта әк шығаратын зауыттың құрылысы жүргізілуде
- 26 желтоқсан, 2024
Аға буынның айтары көп
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді