Америка Құрама Штаттарының Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен US American Open Masters чемпионатында Жұмабаев Алмас қазақ елінің көк туын желбіретіп, әнұранымызды шырқатты. 25 жастан жоғары спортшыларға арналған бұл жарысқа Бразилия, Моңғолия, Германия, Қазақстан, Америка, Армения секілді елдерден 300-ден астам спортшы қатысып, өзара бәсекелесті.
Алмас 72 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, жалпы 5 кездесуді өткізіп, жеңімпаз атанды. Бұл жеңіс – қазақ спортшыларының халықаралық аренадағы жетістігінің жарқын мысалы. Оның жеңісі тек жеке жетістік ғана емес, сонымен қатар қазақ спортының дамуын көрсететін маңызды оқиға.
Жұмабаев Алмасқа алдағы жарыстарда табыс тілеп, қазақ елінің абыройын асқақтата берсуіне тілектеспіз!
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




